Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
images/news/2024/11.04.2024/1_1.jpg

Өскемен ЖЭО электр қуатын аттестаттаудан сәтті өтті

| Жаңалықтар

2024 жылдың наурыз айында Өскемен ЖЭО генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын жыл сайынғы аттестаттаудан сәтті өтті.

Бұл станция тұтынушыларды электр энергиясымен сенімді түрде қамтамасыз ету қабілетін растады дегенді білдіреді.

«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 588-II Заңының 15-ІІ бабына сәйкес энергия өндіруші ұйым генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттау жүргізілгеннен кейін электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметті іске асыруды жүзеге асырады.

Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттауды жүргізу кезінде жүйелік оператор станцияда орналасқан және оған сәйкес энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын өндіруге техникалық мүмкіндігі бар генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының шамасын айқындайды. Сондай-ақ генерациялаушы қондырғылардың қажетті параметрлерінің энергия өндіруші ұйымның генерациялаушы қондырғылардың электр қуатын аттестаттауды жүргізуге арналған өтінімінде көрсетілген мәндерге сәйкестігін айқындайды.

29-30 наурыз аралығында Өскемен ЖЭО-да бұл процестің қалай өткені туралы ақпаратты техникалық директордың эксплуатация жөніндегі орынбасары Жандос Тұраров баяндап берді.

- Аттестаттау күні Өскемен ЖЭО жүйелік оператор берген электр станциясының генерациялау электр қуатының бейінін сақтауды қамтамасыз етті. Станцияның электр қуатын аттестаттау жабдықтың толық құрамымен өтті. Персоналдың дайындығы мен жабдықтың сенімді жұмыс жасауына тексерулер жүргізілді, өйткені маневрлер жұмыстың барлық аспектілерін қамтыды және әр түрлі өндіріс бөлімдері арасында үйлесімді өзара әрекеттесуді қажет етті. Электр станциясының генераторлық қондырғылар желісіне электр қуатын жіберудің максималды мәнін бекіту кезеңі электр жүктемесін тұтынудың кешкі шыңына 4 сағатты құрады. Қорытындысы бойынша электр станциясының аттестатталған электр қуаты – 302 мВт және электр станциясының өз қажеттіліктерінің электр қуаты – 57 МВт құрады, - деді Жандос Тұраров.

Кешенді сынақтардың сәтті аяқталуы Өскемен ЖЭО кез-келген жағдайда максималды жүктемеде жұмыс істеуге дайын екендігін тағы бір рет растады. Сондай-ақ, бұл станциядағы мамандардың жоғары кәсібилігін көрсетті.

Осылайша, жоспарлы аттестаттаудан сәтті өту Өскемен ЖЭО ұжымының өз тұтынушылары алдындағы жоғары жауапкершілігін және станцияның нарық талаптарына сәйкес электр қуатын беру жөніндегі міндеттерді тиімді орындауға дайындығын айғақтайды. Энергетикалық станция жұмысының сенімділігі мен сапасы өңірді электр энергиясымен қамтамасыз етуде басымдық болып қала береді.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 1947-2024 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz