Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
images/news/2021/31.05.21/31.05.21.jpg

Өскемен ЖЭО: Тиімділік - бірінші орында

| Жаңалықтар

2021 жылы 24 мамырда корпоративті мәдениет, Кайдзен жүйесі және 5S жүйесі бойынша бөлім жетекшілеріне арналған тренинг өтті.

«Корпоративті мәдениет бәсекелік артықшылық ретінде» тақырыбындағы тренингті «Ордабасы Груп» корпорациясының өкілдері Ерғали Бегімбетов пен Алексей Мохнаткин өткізді.

Жапондық Кайдзен жүйесінің негізін қалаушылар, жетілдірудің негізгі қағидалары туралы ақпарат ұсынылды. Кез-келген өзгерістердің сәттілігінің басты анықтаушысы компанияның бірінші басшысының қатысуы екендігі атап өтілді. Сонымен қатар, қателіктер жіберу - өзгерістің ең жақсы тәжірибесі. Табысты компаниялардың көрнекі мысалдары аудиторияның үлкен қызығушылығын тудырды.

Қонақтар бөлімшелердің қоймаларын, жұмыс орындарын көрді. Олар станцияның күтімді келбетін, тәртіпті және қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережелерінің сақталуын атап өтті.

Қорытынды кездесуде Өскемен ЖЭО басшылары Ерғали Бегімбетов пен Алексей Мохнаткинге уақыттарын бөлгендері үшін алғыс білдіріп, келешекте станция қызметкерлері өндірісті жақсарту бойынша жаңа жобаларды белсенді түрде жүзеге асыратындығына сенім білдірді. Болашақта станция қызметкерлеріне оқуды жалғастыру жоспарланып отыр.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 1947-2024 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz