Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
images/news/2023/16.06.23/16.06.23.jpg

Өскемен ЖЭО-на экскурсиямен энергетик-студенттер келді

| Жаңалықтар

«Өскемен ЖЭО» ЖШС-не «Электрмен жабдықтау» мамандығы бойынша оқитын Өскемен жоғары политехникалық колледжінің студенттері экскурсиямен келді.

Кәсіпорын Корпоративтік оқыту орталығының қызметі шеңберінде Өскемен жоғары политехникалық колледжімен дуальді оқыту бағдарламалары, сондай-ақ мамандарды даярлаудың нысаналы бағдарламасы бойынша ынтымақтастықты жүзеге асырады.

Өскемен ЖЭО Корпоративтік оқыту орталығы оқу полигонын, кабинеттерді, кітапхананы, сызбаларды, көрнекі құралдарды, практиканы табысты игеру және өту және олардың жеке тапсырмаларды орындауы үшін қажетті техникалық және басқа да құжаттаманы пайдалануға мүмкіндік бере отырып, оқушылардың оқу-таныстыру, технологиялық және кәсіптік практика бағдарламасын орындауы үшін қажетті жағдайлар жасайды.

Бұл ынтымақтастық бағдарламалары келесі практикалардан өтуге ықпал етеді:

  • Мамандықты жан-жақты зерттеуге ықпал ететін оқу-таныстыру практикасы;
  • Кәсіптік практика, оның барысында білім алушы өндірістік функциялар мен міндеттерді білікті орындауға мүмкіндік беретін негізгі және кәсіптік құзыреттерді алу мақсатында білім беру бағдарламасын меңгереді;
  • Технологиялық практика, студенттер өндірістегі қауіпсіздік талаптарын сақтау шарттарына сәйкес өндіріспен және технологиялық процестермен толыққанды таныстырылады.

Станцияға алғаш рет келіп тұрған энергетик-студенттер электр цехының шеберханасына барды. Шеберханада оларды тепловизиялық бақылау жөніндегі жетекші инженер Евгений Болотин қарсы алды, ол өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, электр цехының жұмысы туралы айтып берді.

Болашақ энергетиктердің айтуынша, экскурсия өте мазмұнды және танымды болды, енді олардың барлығы Өскемен ЖЭО-да өндірістік тәжірибеден өтуді қалайды. Айта кету керек, станцияның Корпоративтік оқыту орталығы энергетик-студенттерге тұрақты негізде экскурсиялар өткізеді. Тәжірибелі жұмысшылар, цех басшылары әрқашан кездесуге және станцияның жұмысын көрсетуге уақыт бөледі. Мұндай кездесулер таңдалған мамандыққа және өз ісіне деген сүйіспеншілікті ынталандырады және қалыптастырады.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 1947-2024 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz