Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
images/news/2020/04.09.20/kap_remont.jpg

Қазандық агрегаттың күрделі жөндеуі аяқталды

| Жаңалықтар

Өскемен ЖЭО-да №13 қазандық агрегатындағы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. 320 тонна бу/сағ -140 кг/см2 БКЗ маркалы жоғарғы қысымдағы қазандық агрегатындағы күрделі жөндеу жұмыстары 12 маусым – 20 тамыз аралығында өткізілді.

Негізгі жұмыстардың ішіне су экономайзерінің бірінші сатысын ауыстыру жұмысы кірді. Тегіс құбырлы бірінші сатыдағы су экономайзері жарғақтыққа ауыстырылды, бұл жылу алмасуының дәрежесі мен құрал-жабдық жұмысының сенімділігін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жұмыс барысында тегіс құбырлы су экономайзерінің 50,6 тоннасы бөлшектеніп, жарғақтық экономайзердің 64 тоннасы құрастырылды.

Сондай-ақ, технологиялық үрдістерді автоматты басқару жүйесін қайта құрастыру шеңберінде №13 қазандық агрегатының қыздырылатын беткейін сумен жуу процесін көрсету ендірілді. Сонымен қатар, күлтұтқыш қондырғылар, жанарғылар, қож иірмегі, түтінтартқы, шаң шоғырлануы жоғары шаң құбырлары, бірінші реттік ауа мен бос тастаулар шиберлері жөндеуден өткізілді, беткейіне сұйық жылуоқшаулағыш материалдарды жағумен эмульгаторлардың үстіндегі жинақ қорабы ауыстырылды.

«Өскемен ЖЭО» ЖШС 2020-2021 жж. жылу беру кезеңінде тұтынушыларын жылу және электр энергиясымен үздіксіз және сенімді қамту үшін 2020 жылғы жөндеу науқанын жалғастыруда.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 1947-2024 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz