Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
images/news/2021/18.08.21/18.08.21.jpg

Жұмысым - мақтанышым

| Жаңалықтар

Журавлев Александр Леонидович, электр жабдығын, жылу автоматикасы мен өлшеулер құралдарын жөндеу және пайдалану цехының электр слесарі, Өскемен ЖЭО-дағы 30 жылдық жұмыс мерейтойын атап өтеді.

- 1972 жылы 20 наурызда Өскемен қаласында тудым. Орта мектепті бітірген соң достарым энергетикалық техникумға(Өскемен политехникалық колледжі)  түсуге ұсыныс жасады. Үшінші курста Өскемен ЖЭО-да өндірістік практикадан өтіп, ауысыммен жұмыс істедім. 1991 жылы дипломды қорғағаннан кейін ЖЭО-ға кезекші электромонтер дублері болып жұмысқа орналастым. Мен бір-екі апта жұмыс істеген соң, әскерге шақырту келді.

Әскерден кейін Өскемен ЖЭО-ға қайта оралдым. Кадр маманы Семерякова Анастасия Михайловна бірден қабылдады, медициналық кеңеске жіберді. Мен әр қызметкерді қалай есте сақтайтынына таң қалдым, онда мыңнан астам қызметкер болатын.

1993 жылы үйлендім, 1995 жылы қызым дүниеге келді. Биыл немере сүйдім. 90 -шы жылдары жұмысшылар саны қысқартыла бастағанда, аға электрмонтерлер ғана қалатын болды. Мен жаңадан келген 3 -ші рұқсат тобының электрикі болдым. Бұл жерде қалуға мүмкіндігім де жоқ сияқты еді. Бірақ сол кездегі электр цехының бастығы Ақтайлақов Тоқтар Адылқанұлы бірден үш нұсқаны ұсынды: 11 жалақымен жұмыстан шығу, жүк көтеру механизмдерімен жұмысқа (кран қызметіне) ауысу немесе слесарь ретінде электр шеберханасына бару. Мен үшінші нұсқаны таңдадым және өкінбедім. Онда цех бстығы Нұрбек Төлепбекұлы мені өз тәрбиесіне алды. Досым және сыныптасым Игорь Шаповалов та сол жерде жұмыс істеді, станцияға бір ай бұрын келген болатын.

Мен осы күнге дейін бес күндік режиммен электр шеберханасында жұмыс істеп келемін.
2000 жылдан бастап жыл сайын практикадан өтетін студенттер бір айға немесе жарты жылға тағайындалады. Содан кейін студенттер телефон соғып, дипломдарны қорғағандарын айттып, қуаныштарымен бөлісетін. Медет

Фазылханов, мысалы, студент болып келіп, қазір осы цехта жұмыс істейді. Бес жыл ауысымда жұмыс істегенде мен біліктілігімді арттырып отырдым. 6 -разрядты және 4 -ші рұқсат топтарын алдым: 1000 В, 6 кВ, 10 кВ, 35 кВ, 110 кВ дейінгі жабдықпен жұмыс жасаймын. Бұдан жоғары топ деңгейі тек инженерлік-техникалық жұмысшыларда ғана. Маған шебер лауазымы да ұсынылды, бірақ кім жұмыс істейді. Жастарды үйретіп келеміз.

Электр қондырғыларының жұмысында физикалық еңбек те қажет. Біз бүкіл станцияның электр жабдықтарына қызмет көрсетеміз, цех шеберлері мердігерлерді де бақылайды. Мен өз жұмысымды жақсы көремін, оны өзгертуді жоспарламаймын. Жазда саяжайда. Қыста - балық аулаймын.

Әріптестері Александр Леонидовичтің кеңестерін тыңдайды, оны кәсіби шеберлігі үшін құрметтейді және бағалайды. Бұл көптеген марапаттармен расталады - Дипломдар мен Алғыс хаттар. Александр Журавлев өз жұмысымен мақтанады:

- Таратушы құралдың жанынан өтіп бара жатып, мұны мен орнаттым және ол әлі де жұмыс істейді деген мақтаныш та болады.  Станция қызметкерлеріне денсаулық, отбасылық бақыт және қауіпсіз жұмыс тілеймін!



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 1947-2024 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz