Жания Cагидуллина Өскемен ЖЭО - дағы 30 жылдық қызмет
Жания Сагидуллина – «Өскемен ЖЭО» ЖШС-нің жетекші химик-инженері, 2021 жылы кәсіпорындағы 30 жылдық жұмыс тәжірибесін атап өтеді.
Жания Төлеуғазықызы – турбина цехының химия бөлімінің ең тәжірибелі қызметкері, ол өзінің көп жылдық тәжірибесі мен білімін жас әріптестерімен бөлісуге дайын. Жания Төлеуғазықызы Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының Көкжыра ауылының тумасы. Мектепті бітірген соң, ол «инженер-мұғалім» мамандығы бойынша Өскемен педагогикалық институтына оқуға түсті. Бұл мамандыққа техникалық бағыттар кірді: электротехника және радиоэлектроника, физика және жоғары математика.
- Бес жыл мұғалімдікті оқыдым. Содан кейін конденсатор зауытындағы балабақшаға тәрбиеші болып жұмысқа орналастым. Ал 1991 жылы Өскемен ЖЭО-да химиялық талдау бойынша лаборант болып бағымды сынап көрейін деп шештім. Мен Өскемен ЖЭО-дағы 30 жыл уақытымның қалай өткенін байқамай да қаладым. Осы уақыт ішінде отын, су-химиялық талдау бойынша лаборант мамандығын игердім. Содан кейін ауысым бастығы, кейін жетекші химик-инженер болып тағайындалдым.
- Сіз өз жұмысыңызда қандай ерекшеліктерді бөліп көрсетер едіңіз?
- Су химиясының режимімен жұмыс істеу станцияның маңызды қызметі болып табылады. Жылумен және электрмен үздіксіз қамтамасыз ету осыған байланысты. Сонымен қатар, мамандықтағы басты мәселе - кадр мәселесі. Жұмыстағы сәттілік, ең алдымен, ұмтылысқа байланысты. Ол үшін уақыт қажет, оқу керек, тәжірибе жинау керек, қиындықтардан қорықпау керек. Станцияда технологияларды, адам ресурстарын дамытуға көп қаражат бөлінеді, еңбекті қорғау мен қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінеді.
- Мұғалім мамандығыңыз жұмысыңызға көмегін тигізді ме?
- Әрине. Өскемен ЖЭО жас химиктеріне жұмысты үйреттім, цехпен таныстырдым. Елордада бұрынғы екі лаборантымыз жұмыс істейді. Мен Нұр-Сұлтан қаласына келгенде, шәкірттерім құрметті қонақ ретінде қарсы алады.
ЖЭО-дағы алғашқы күндерден бастап менің ұстазым өзі де бұрын мұғалім болған Любовь Павловна Белозерцева болды. Менің қызым да сабақ береді. Ол Австралияда «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқыды, бала кезінен білімге және жаңа ақпаратқа құмар болып өсті.
Жания Сагидуллинаның әріптестері оның жоғары адамдық қасиеттерін, жас қызметкерлерге көмектесуге және қолдау көрсетуге әрқашан дайын екендігін атап өтті.
- Мен ЖЭО-да қызмет етекеніме 12 жыл болды. Колледжді бітіре салысымен осында істеп келемін. Алдымен, отын -көлік бөліміне жүк және багаж қабылдағыш ретінде қабылдандым. Содан кейін лаборант болып ауыстым. Жания апай - біздің тәлімгеріміз, ол маған ауысым бастығы болып біліктілік алуыма көмектесті, - дейді турбиналық цехтың химиялық бөлімінің ауысым бастығы Толқын Жылқыбаева.
- Жания Төлеуғазықызы, жұмысыңызда сізді не қуантады?
- Шынымды айтсам, жасым да келген сияқты, бірақ жұмысқа қуана барамын. Әрине, шаршаймын ғой, бірақ әріптестеріммен сөйлесіп, жас энергетиктерді үйреткенде, мен бұдан да жақсы жұмыс істеуге ынталанамын. Демалыс күндері мен ауылға кетемін. Қала қарбаласынан тыс, таза ауада күш пен қуат аламын. Мен білімге деген ынтамды жоғалтпауды, денімнің сау болуын қалаймын, станция мен әріптестерімнің дамуына көмектескім келеді.
- Өскемен ЖЭО ұжымына не тілейсіз?
- Өскемен ЖЭО-ға өркендеуді тілеймін. Әріптестеріме - денсаулық, жұмыстарына жетістік және материалдық ауқаттылық. Энергетик болу – бұл үлкен мәртебе!