Женіс үшін рахмет!
Тылда еңбек еткен аналарымыз бен аталарымыздың жан аямаған қажырлы еңбегін құрмет тұтып, еске алып, біз мәнгіге ұмытпаймыз.
Оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, Отан алдындағы баға жетпес ерліктеріңізді паш ету біздің қасиетті борышымыз бен парызымыз деп санаймыз.
Талғат Қайркенов, «Өскемен ЖЭО» ЖШС-нің сатып алу және логистика бөлімінің басшысы:
- Менің атам Әділтай Имбаев 12 наурыз 1919 жылы Семей облысы Чигистав ауданында туды. 1939 жылдың қараша айында әскери қызметке шақырылды. Жас солдат өз отанын қасық қаны қалғанша қорғайтынын ойламаған да еді. Ұлы Отан соғыстын 33-ші жекелей байланыс батальонда қарсы алды. 114-ші атқыштар дивизиясының 363-ші байланыс атқыштар полькісінде связист болған.
1946 жылдың тамыз айында ғана елге оралды. Жауынгердің ерлік жолы „2 дәрежелі Отан соғыс ординымен», «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік ерліктері үшін», «Заполярияны қорғағаны үшін», «Германияны жеңгені үшін». Медальдармен және мерекелік медальдармен аталып өтілді. 1950 жылы 8 тамыз айында отбасын құрды. 7 бала, 17 немерелі, 36 шөберелі болды.
Ұрпақтары атасының атын өшірмей жалғастырып келеді. Мәңгі есімізде.