ЖЭО-да 40 жыл
2020 жылғы 8 қыркүйекте отын зертханашысы қызметін атқаратын Землянская Тамара Васильевнаның Өскемен ЖЭО-да қызмет еткеніне 40 жыл толды.
2020 жылғы 7 қыркүйекте кәсіпорындағы мерейтойлық жұмыс өтілінің құрметіне Тамара Васильевна еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Токаевтың атынан Конституцияның ұлықтылығын қамтамасыз етудегі маңызды үлесі үшін «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Қазақстан Конституциясының 25 жылдығының құрметіне арналған медальді салтанатты жиналыста Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Эльдар Төлеубеков табыстады. Тамара Васильевнаны жоғарғы мемлекттік марапатқа ие болуымен құттықтаймыз және зор денсаулық пен зейнеткерлік демалыста барлық жоспарларының табысты орындалуын тілейміз!