18 мамырда Шығыс өңірінің энергетикалық ұйымдары арасында мини-футболдан энергетиктердің 50-ші облыстық спартакиадасы аяқталды.
Жарысқа бес кәсіпорын қатысты: «Өскемен ЖЭО» ЖШС, «АЭС Өскемен ГЭС» АҚ, «АЭС Шульба ГЭС» АҚ, «Жылу жүйелері» АҚ, «Согра ЖЭО» ЖШС.
Шағын футболдан Өскемен ЖЭО-ның спорттық командасы үздік нәтиже көрсетіп, барлық ойындардың қорытындысы бойынша лайықты 1-орынды иеленді. Ауыр жұмыстан шықса да, ойыншылар жарыс алдындағы тұрақты жаттығуларды үзбеді.
Финалдық ойын залды қызықты атмосферамен толтырды. Өскемен ЖЭО командасы «АЭС Өскемен ГЭС» АҚ командасымен ойында пенальти қорытындысы бойынша 3:1 есебімен 1-ші орынды иеленді.
Өскемен ЖЭО мини-футбол командасының құрамы келесі қызметкерлерден құралды: Мазуряк Вячеслав Александрович – станцияның кезекші инженерінің (СКИ) тағылымдамашысы; Байғалиев Бауыржан Ерікнұлы – бу турбиналарының машинисі; Қажымұхаметов Ержан Үсербайұлы - бу турбиналарының машинисі; Сасанов Рустам Еранұлы - СКИ тағылымдамашысы; Тогузов Мұхтар Мельсович – отын беру жабдығы жөніндегі инженер; Жамалқанов Темірлан Арманұлы – багерлік сорғы мотористі; Тоқтарханов Әділ Еркінұлы – қазандық жабдығы бойынша машинист-қараушы; Абешов Айбол Манарбекұлы – қазандық жабдығы бойынша машинист-қараушы; Иванов Валерий Валерьевич – қазандық жабдығы бойынша машинист-қараушы; Өмірзақов Сырым Жанұзақұлы - жетекші инженер.
Спорттық мереке жеңімпаздар мен номинанттарды салтанатты марапаттау рәсімімен аяқталды, ал Спартакиаданың барлық қатысушылары бұдан да керемет әсер алды – жарқын әсер, сергектік пен бірлік сезімі, өздерін бірыңғай команданың бір бөлігі ретінде тағы да сезіну мүмкіндігі. Бұл – осы іс-шараның негізгі міндеті. Мұндай іс-шаралар әріптестерді біріктіруге, спорт саласында тәжірибе алмасуға, корпоративтік рухты нығайтуға және өзекті міндеттерді бірлесіп шешуге алғышарттар жасауға мүмкіндік береді.