Негiзi
Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz

Басты бет

Өскемен ЖЭО

Жылу және электр энергиясын өндіру


Белгіленген қуаттылығы жылу:
859,9 Гкал/сағ. электр – 372,5 МВт құрайды
Жұмысшылар саны: 640 адам
  • 2

  • 4

  • 1

  • 5

  • 3

Біздің кәсіпорынның жаңалықтары


Барлық жаңалықтар

«Өскемен ЖЭО» ЖШС ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды жылу энергиясымен жабдықтайды және қаланың тұрғын-коммуналдық секторы жүктемесінің 80% қамтиды. Сондай-ақ кәсіпорын Шығыс Қазақстан облысындағы ірі электр энергия өндірушісі болып табылады


Бас директор: Нугуманов Данияр Токтарович
Бас директор
Нугуманов Данияр Токтарович

Құрметті сайтқа кірушілер!

«Өскемен ЖЭО» ЖШС ресми Интернет-ресурсына қош келдіңіздер! Біздің кәсіпорнымыз Шығыс Қазақстан облысының ірі жылу-электр станциясы болып табылады, оның негізгі қызметі – жылу және электр энергиясының өндірісі.

«Өскемен ЖЭО» ЖШС Қазақстан Республикасының энергетика саласындағы саясатына сай келетін ұзақ мерзімді даму стратегиясын әзірлеп, жүзеге асырады. Кәсіпорнымыздың стратегиясы тұтынушыларымызға сапалы қызмет көрсету, өндірістің экологиялық қауіпсіздігін қамту мен әлеуметтік қолдау бағдарламаларының арасындағы тепе-теңдікті мүлтіксіз сақтап, энергетикалық қуаттылықтарды дамыту мен жаңалауға бағытталған.

Біз мүдделі тараптармен үздіксіз диалог пен ынтымақтастыққа дайынбыз, қойылған міндеттерді орындап, жылу- және электр энергиясын ары қарай да тиімді өндіруге бағытталған жаңа тәсілдер мен идеяларды іздестіреміз.

Біздің Интернет-ресурстан кәіспорынның, оның тарихы және ашық бос орындар жөніндегі түпкілікті ақпаратты таба аласыздар. Қызығушылық тудырған сауалдарға жауап беруге дайынбыз.

Сұрақ қою

ККС
«Өскемен ЖЭО» ЖШС компаниялар Тобының құрамына кіреді
«Қазақстан коммуналдық жүйелері»

Сертификаттар ИСМ


  • ISO 9001 2015 Kz

  • ISO 14001 2015 Kz

  • ISO 45001 2018 Kz

БАҚ біз туралы

БАҚ біз туралы


Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ., Промышленная к-сі, 2
Баспасөз қызметі: +7 (7232) 290-215
Email: pr.uktets@uktets.kz
Тақырып Күні Сілтеме
Өскемен жылу электр орталығы жаңғыртудың жаңа кезеңін аяқтауға жақын
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің ресми сайты
05.11.2025 Өту
Өскемен жылу орталығында жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр
Сайт f16
04.11.2025 Өту
Усть-Каменогорская ТЭЦ готовится к строительству нового энергоблока
Городской сайт yk.kz
08.10.2025 Өту
По следам «Altai Invest-2025»: Часть проектов уже на стадии реализации
ВКО издание altaynews.kz
07.10.2025 Өту
Altai Invest-2025: первые проекты переходят к реализации
Телеграм PRO VOSTOK
06.10.2025 Өту
Рабочий день продолжается…
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі
06.10.2025 Өту
ШҚО әкімдігінде маңызды мәселелер талқыланды
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі
06.10.2025 Өту
Жылу жүйесіне қосу жұмыстары жалғасуда
ВКО издание altaynews.kz
04.10.2025 Өту
ШҚО 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындық тақырыбында баспасөз туры өтті
buqara.news
03.10.2025 Өту
В Восточном Казахстане наградили лучших представителей рабочих профессий
ВКО издание altaynews.kz
30.09.2025 Өту
«Еңбек адамы - 2025»: в Усть-Каменогорске наградили представителей рабочих профессий
ВКО издание altaynews.kz
29.09.2025 Өту
Жұмысшы мамандардың қоғамдағы рөлі | Арнайы жоба
24КЗ
26.09.2025 Өту
Инженер нового поколения
ВКО телеканал ALTAY TV
26.09.2025 Өту
Адал еңбек - адал табыс
ВКО телеканал ALTAY TV
26.09.2025 Өту
Енбек адамы - Ермек Ахмадиев
РСК ВКО
24.09.2025 Өту
Энергетика министрі ЖЭО-на барды
ВКО телеканал ALTAY TV
20.08.2025 Өту
Рабочий визит министра энергетики РК
ВКО телеканал ALTAY TV
20.08.2025 Өту
Министр Энергетики проверил готовность Усть-Каменогорской ТЭЦ к зиме
ВКО издание altaynews.kz
20.08.2025 Өту
Энергетика министрі ШҚО-дағы жылу электр орталықтарының жұмысын тексерді
ВКО издание altaynews.kz
20.08.2025 Өту
Подготовка к отопительному сезону
ВКО телеканал ALTAY TV
14.08.2025 Өту
ЖЭО құаты артады
Телеканал Хабар
31.07.2025 Өту
Повышение мощности на ТЭЦ
Телеканал Хабар
31.07.2025 Өту
Специалисты Усть-Каменогорской ТЭЦ ведут строительство золоотвала №5
ustinka.kz
26.07.2025 Өту
Что происходит за стенами УК ТЭЦ
infobusiness.kz Ольга Ушакова
23.07.2025 Өту
«Jas Keñes Siylığı»: Өнеркәсіптегі үздік жастардың бірі - Ернұр Токушев
ВКО сайт Altaynews.kz
23.07.2025 Өту
Азы профессии на практике: ВКО подвели итоги конкурса "Кәсіби маман"
Областное издание печатное + сайт Ustinka.kz
25.06.2025 Өту
Советник Премьер-Министра проверил ход ремонтной кампании на Усть-Каменогорской ТЭЦ
Городской сайт yknews.kz
17.06.2025 Өту
Новыми котлами и турбинами оснастят ТЭЦ Усть-Каменогорска
24.kz, телеканал Хабар
05.05.2025 Өту
Более 140 млрд тенге инвестируют в снижение дефицита тепловой энергии в Усть-Каменогорске
Республиканское СМИ Казахстанская Правда
28.04.2025 Өту
На Усть-Каменогорской ТЭЦ обсудили проект расширения станции
Областное издание печатное + сайт Ustinka.kz
28.04.2025 Өту
Бозумбаев посетил стратегические обьекты энергетики Усть-Каменогорска
Телеканал 24 KZ, сюжет
26.04.2025 Өту
Школьники ВКО посетили Усть-Каменогорскую ТЭЦ
ВКО сайт Altaynews.kz
19.03.2025 Өту
Оқушылар «Өскемен жылу-электр орталығының» жұмысымен танысты
ВКО сайт Altaynews.kz
19.03.2025 Өту
"Человек труда" Работа приемосдатчиков груза и багажа на теплоэлектроцентрали
ВКО канал ALTAY TV
13.03.2025 Өту
Өскемен ЖЭО жұмысшыларының еңбегі жоғары бағаланды
ВКО канал ALTAY TV
12.03.2025 Өту

Компания саясаты туралы

«Өскемен ЖЭО» ЖШС сапа, экология, энергоменеджмент, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы интегралды Саясаты

«Өскемен ЖЭО» ЖШС (бұдан әрі - Кәсіпорын) тұтынушылардың қажеттіліктерін өтеуге сапалы және қауіпсіз жылу және электр энергиясын өндіруді іске асыратын энергетикалық ұйым болып табылады.

Кәсіпорынның басым мақсаты болып жоғары үнемділік, өндірістің сенімділігі арқылы біздің тұтынушылардың қанағаттанушылығын жоғарылату, жұмысты қауіпсіз орындау, қызметкерлер мен басқа құзыретті тараптардың өмірі мен денсаулығына төнетін қатерді жою, сондай-ақ, қолайлы қоршаған ортаны сақтау және энергоресурстарды тиімді пайдалану болып табылады.

Осы мақсаты жүзеге асыру үшін Кәсіпорында төрт халықаралық стандарттарға негізделген ISO 9001, ISO 45001, ISO 14001, ISO 50001 Интеграцияланған Менеджмент Жүйесі (бұдан әрі - ИМЖ) енгізіліп, «Өскемен ЖЭО» ЖШС -да денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, экология және энергоменеджмент салаларында өз қызметін мінсіздендіруге мүмкіндік беретін сапаның менеджмент жүйесі тиімді жұмыс жүргізуде.

«Өскемен ЖЭО» ЖШС Жоғарғы басшылығы кәсіпорын жұмысының нәтижелері үшін өзінің тұтынушылар, қызметкерлер және өзге де құзыретті тараптардың алдындығы жауапкершілігін түсіне отырып, ИМЖ салаларында өзіне келесі міндеттемелерді алады:

  • командада жұмыс істейтін жоғары кәсіби мамандар - пікірлестердің топтасқан ұжымын сақтау және үнемі дамыту;
  • өндірістік қызмет кезінде қоршаған ортаның ластануын қорғау және болдырмау, қауіптерді жою, сапа, экология, энергия менеджменті, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қауіптерді бағалау және төмендету;
  • жылу және электр энергиясын сенімді жеткізуші болу, шарттық міндеттемелерді сақтау, өйткені табыстың негізін біз Тұтынушыларымызбен ұзақ мерзімді сенімді қарым-қатынастарды құрудан және сақтаудан көреміз;
  • ISO 9001, ISO 45001, ISO 14001 және ISO 50001 стандарттарының, Қазақстан Республикасының ішкі нормативтік құжаттары мен заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес қызметті үздіксіз басқаруды ұйымдастыру және қолдау, қабылданған міндеттемелерді орындау;
  • үздіксіз оқыту үрдісін, әр қызметкердің құзіреті мен жалпы мәдениетін жоғарылату үрдісін ұйымдастыру, ішкі және сыртқы тұтынушылардың алдында өз қызметінің сапасына, экология жағдайына, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтуға, энергия үнемдеу және энергия тиімділігінің жауапкершілігін сезіну;
  • ИМЖ-нің нәтижелілігін ұдайы жақсартуға, арттыруға, қоршаған ортаның ластануын болдырмауға, жарақаттар мен денсаулық жағдайының нашарлауын болдырмауға, сондай-ақ сапа, экология, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, энергия үнемдеу саласындағы қызмет көрсеткіштерін үнемі жақсартуға ұмтылу;
  • кәсіпорынды оңтайландыру жолдарын анықтау үшін оның қызметіне энергетикалық жоспарлау, жүйелі және жедел талдау жүргізу;
  • кәсіпорынның барлық қолда бар ресурстарын барынша тиімді пайдалану
  • сапа, экология, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, энергия үнемдеу саласындағы талаптар мен нормаларымен мердігер ұйымдардың өкілдерін таныстыру және олардың мүлтіксіз сақталуын талап ету;
  • қызметкерлермен, әріптестермен, жұртшылықпен және басқа да мүдделі тараптармен, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сапа, экология, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, энергия үнемдеу мәселелері бойынша ашық диалогты қолдау.

Өз жұмысын орындаған кезде Кәсіпорынның, сондай-ақ мердігер ұйымның әрбір жеке қызметкері, өзінің меншік қауіпсіздігі сияқты әріптестері мен тұрғындардың да қауіпсіздігіне жауапты. Осыған байланысты, Кәсіпорын аумағында қызметін атқарып жүрген кез-келген қызметкер кез-келген қауіпсіз емес жұмысты тоқтатуға міндетті.

Кәсіпорынның жоғары басшылығы аталған Саясатты барлық қажетті адами және материалдық ресурстармен қамтамасыз ету бойынша өзіне міндеттеме алады, ал әрбір қызметкер өз құзіреті аясында оны іске асыруға жеке жауап береді.

«Өскемен ЖЭО» ЖШС
бас директоры Д.Т. Нугуманов

Оқыту

Әлеуметтік сала

Өскемен ЖЭО Өскемен қаласының №1 емханасына қайырымдылық көмек көрсетті

2017 ж. 24 мамырда Өскемен ЖЭО Өскемен қаласы №1 емханасының травматология бөлімшесіне терінің ауыр дертіне шалдыққан науқастарды емдеуге арналған арнайы құралды сыйға тартты. Травматология бөлімшесінің меңгерушісі Еркін Дюйсекиннің айтуынша, бұл құрал күйікті емдеу және терінің ойылмауы үшін жасақталған төсектерге жайылып, терісінің беткейі көлемді мөлшерде және қатты күйіп қалған ауыр науқастарды емдеуге, оперциядан кейінгі, көбінесе, кең көлемдегі хирургиялық кірісулер алған науқастарды оңтайландыруға арналған.

Өскемен қаласының №1 емханасы бас дәрігерінің орынбасары Елена Куликова «Қазақстан коммуналдық жүйелері» тобының өкілдеріне осындай құнды сыйлықтары үшін алғысын білдіріп, медициналық мекемеге мұндай қымбат құралды өз тараптарынан сатып алу қиынға соқтыратындығын айта кетті.

«ҚКЖ» тобы әрекет ететін өзге аймақтың тұрғындары бізді әлеуметтік-жауапты құрылым ретінде таниды. Біз әрдайым мұқтаж жандарға қол ұшын созуға талпынамыз және қайырымдылық акцияларын өткізіп тұрамыз.  Әлеуметтік саясат Топ қызметінің маңызды бөлігі болып табылады. Аяушылық білдіру, қайырымдылық жасау, көмекке зәрулерге қолдан келгенше көмек көрсету – бұл қай уақытта да өзекті болып табылатын негізгі құндылықтар екендігіне сенімдіміз – деді Өскемен ЖЭО Бас директоры Андрей Ляпунов.

Құрамына Өскемен ЖЭО кіретін «ҚКЖ» тобы әлеуметтік жауапкершіліктің дамуына зор назар аударады, тұрмысы төмендерге, жетім балаларға, ҰОС ардагерлеріне, ауған жауынгерлеріне және энергетика саласында қызмет еткен еңбек ардагерлері мен зейнеткерлерге көмек көрсетіп, белсенді қайырымдылық қызметті жүзеге асырады. Компанияда жақсы дәстүр қалыптасқан: Жеңіс Күнін мерекелеу қарсаңында жыл сайын Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен энергетиктердің жоғарғы буын өкілдеріне құрмет көрсету. Ардагерлерге азық-түлік қоржыны табысталады, біржолғы материалдық көмек көрсетіледі және электр энергиясын есептеу құралын тегін орнату мүмкіндігі беріледі. Балалар үйін қолдауға да үлкен назар бөлінеді. 2012 жылы «Қазақстан коммуналдық жүйелері» тобының құрамына кіретін қарағандылық компаниялар «Құлыншақ» балалар үйін қамқорлыққа алды, сонымен қатар, қимыл-тірек аппараты бұзылған балалар үшін арнайы «тіршілік бұрышы» кешенін құрды.

Жастардың мәдени даму, өсіп келе жатқан ұрпақтың рухани тәрбиесіне байланысты мәселелер де назардан тыс қалмайды. Сөйтіп, мысалы, 2010 жылы «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС «Шапағат-Қарағанды» әлеуметтік бастамалар қорына жаңа мешіт құрылысына 63 млн. теңге бөлді. Сондай-ақ, «ҚКЖ» тобының көптеген қызметкерлері «Қызыл Жарты Ай» қайырымдылық ұйымы арқылы мұқтаж жандарға өз тараптарынан жеке көмектерін жасап тұрады.

Өскемен ЖЭО Ардагерлер үйіне қайырымдылық көмек көрсетті

2017 жылғы 4 қазанда «Қазақстан коммуналдық жүйелері» тобының «Өскемен ЖЭО» ЖШС «Обитель» Ардагерлер үйіне қысқы отынды тарту етті. Өскемен ЖЭО энергетиктері демеушілік көмек ретінде пешпен жылытылатын бұл әлеуметтік мекемеге 14 тонна жоғары сапалы көмірді суық түспей әкеліп түсіріп берді. 2014 жылдан бастап әрекет етіп келе жатқан «Обитель» Ардагерлер үйі Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Тарханка ауылында орналасқан. Бүгінгі таңда онда 15 егде жастағы адам тұрып жатыр, олардың ішіндегі ең үлкені 92 жаста. Ардагерлер үйінің директоры Галина Пилипенко Өскемен ЖЭО қызметкерлерін қуанышпен қарсы алып, энерегтиктерге көрсеткен көмектері үшін алғысын білдірді.

«Өскемен ЖЭО» ЖШС Жөндеулер жөніндегі директоры Тоқтар Ақтайлақов ардагерлермен танысты. Әңгімелесу жылы шырайлы, тілектестік қарым-қатынаста өтті. Қарт адамдар өздерінің Ардагерлер үйіндегі тіршіліктері, қызығушылықтары мен зейнет жасына дейінгі кәсіптері туралы айтып берді. Өз кезегінде, Тоқтар Ақтайлақов ардагерлердің өмірлік қажырлылықтарына тәнті болды, әлеуметтік мекемеде жайлылылық пен жан жылулығы сезілетіндігін атап өтті және қарттарға ұзақ ғұмыр тіледі. «Өскемен ЖЭО» ЖШС Жөндеулер жөніндегі директорының айтуынша, энергетиктер Ардагерлер үйіне қуана көмектеседі және ең қақаған аязда мұнда жылы болуына тілектес. Көмірмен тегін жабдықтаумен қатар, Өскемен ЖЭО қызметкерлері ардагерлерге сыйлықтар тарту етті.

Экология

«Өскемен ЖЭО» ЖШС, Өскемен қаласының тіршілікті қамтамасыз ету кәсіпорны бола тұра, сенімді жылумен жабдықтау, өндірістің экологиялық қауіпсіздігі және әлеуметтік жауапкершілік арасындағы тепе-теңдікті сақтау маңызды деп санайды.

Кәсіпорында ISO 14001 халықаралық стандартына сай экологиялық менеджмент жүйесі ендірілген және қызмет етеді, «Русский Регистр» қауымдастығының сертификаттауымен расталған.Өндірістік экологиялық бақылау ҚР СТ ИСО/МЭК 17025–2007 стандартының талаптарына сәйкес Ұлттық Аккредиттеу орталығымен аккредиттелген санитарлық-өнеркәсіптік зертханасымен жүзеге асырылады.

«Өскемен ЖЭО» ЖШС қоршаған ортаға эмиссияларды ҚР Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетімен берілген эмиссияларға рұқсаттың негізінде жүзеге асырады. «Өскемен ЖЭО» ЖШС-нде ҚР Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетімен келісімделген Қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар жоспары іске асырылуда. Кәсіпорында ҚР Энергетика министрлігінің 24.11.2016 ж. №155 бұйрығымен бекітілген Тізбеге сәйкес жылу энергетика саласындағы ең үздік қол жетімді экологиялық технологиялар ендірілген.

Атмосфералық ауаны қорғау

Күл мен күкірттің еселенген тотығының шығуын ұстау мақсатында станцияның барлық қазандықтары «эмульгатор» типтес тиімді заманауи күл ұстағыштарымен жабдықталған. Атмосфераға азот тотығының шығарылуын төмендету үшін қазандықтардың оттықтарында олардың түзілуін басу бойынша технологиялық әдістер қолданылады. Соның ішінде: отынды сатылы жағуды ұйымдастырумен жоғары қысымдағы қазандықтарда төменгі үрлеу жүйесі; төмен эмиссиялық жанарғыларды қолдану; жоғары концентрациядағы шаңды (ЖКШ) беру технологиясы.  Атмосфералық ауаны қорғау бойынша шаралар кешенін орындау «Жылу-электр станцияларының қазандық қондырғыларында әр түрлі отын түрлерін жаққанда қоршаған ортаға эмиссияларға қойылатын талаптар» техникалық регламентімен белгіленген нормативтерге сәйкестенуге мүмкіндік берді. Қазақстан Республикасында ҚР «Жасыл экономикаға көшу» тұжырымының іске асыруына байланысты бірқатар шаралар парниктік газдардың атмосфераға шығарылуының төмендетілуіне бағытталған.

Су ресурстарын қорғау

«Өскемен ЖЭО» ЖШС-нде су ресурстарына әсер етуді төмендету бойынша шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылды. 2005 жылдан бастап ластанған ағын суларының Ертіс өзеніне тасталуы күлді сумен жою айнымалы жүйесінің пайдалануға енгізілуі арқылы толығымен тоқтатылды. 2012 жылы градирнямен техникалық сумен жабдықтау айнымалы жүйесі пайдалануға енгізілді, бұл Үлбі өзенінде жылумен алмасу суларының нормативтік-таза тасталуын қысқартып, су ресурсын тиімді пайдалану мүмкіндігін туғызды.

Кәсіпорынның өнеркәсіптік алаңшасында нөсерлі ағын суларын тазарту бойынша үш жергілікті тазарту құрылысы қолдануға енгізілді. 2016 жылдан бастап өнеркәсіптік алаңшасын нөсерлі ағын суларынан тазартуды ұйымдастыру жобасының жүзеге асырылуының арқасында нөсерлі ағын суларының Үлбі өзеніне тасталуы жоққа шығарылды.

Өндіріс қалдықтарын басқару

Кәсіпорында өндіріс қалдықтарын басқару бағдарламасы әзірленген. 2005 жылдан бастап барлық экологиялық талаптардың сақталуымен салынған күл үйіндісіне күл-қоқыс қалдықтарын қауіпсіз орналастыру қамтамасыз етілген. Күл үйіндісі құрылыс материалдар комбинатының өңделген саз карьерінде заманауи технологиялар бойынша салынған. Өңделген карьерді күл-қоқыспен толтыру оның құнарлығын калпына келтіру болып табылады. Осы карьерді пайдалану бойынша қабылданған шешім биліктің орындаушы органдары мен бизнестің өзара әрекеттесуінің үздік үлгісі болып табылады.

Металлоломды, құрал-жабдықтарды және өнеркәсіптік қалдықтарды сақтау алаңшалары экологиялық талаптарға сай құрылған. Қалған қалдықтардың барлығы арнаулы ұйымдармен жасасқан шарттардың негізінде шығарылады.

Алдын алу іс-шаралары, бастамалар.

Кәсіпорын саясаты сондай-ақ алдын алу іс-шараларын қамтамасыз етуге бағытталған:
  • Үлбі өзеніне ағын сулары тасталатын біріктірілген жерде мұнай өнімдері түсуінің алдын алу үшін бондық қоршау орнатылған;
  • топырақ пен жер асты сулары ластануының алдын алу мақсатында мұнай өнімдерін сақтау резервуарлары екіншілік қорғаумен қамтылған;
  • өндірістік бөлімшелерде болуы мүмкін төгілулердің алдын алу мен жою бойынша жиынтықтар сатып алынған.

«Макулатура жина – мәдениетіңді көрсет!» акциясы тұрақты негізде өткізіліп тұрады. Кәсіпорын аумақты және санитарлық-қорғау аумақтарын көгалдандыру жұмыстарын жиі өткізіп, қалалық сенбіліктер мен экологиялық акцияларға қатысады.

Корпорациялық оқыту орталығында мердігерлік ұйымдардың персоналы үшін экологиялық талаптарға оқыту ұйымдастырылған.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мәліметтілікті арттыру үшін, кәіспорын мен мердігерлік ұйымдардың персоналының қатысуымен, ай сайын «ҚТ және экология» күні өткізіледі.

Серіктестіктер мен жетістіктер

«Өскемен ЖЭО» ЖШС қоршаған ортаны қорғау мақсатында әр түрлі ұйымдармен серіктестік орнатқан:
  • «Қазақстандық табиғат пайдаланушылардың орнықты даму үшін қауымдастығы» (ҚТПОДҚ) заңгерлік тұлғалар бірлестігімен,
  • Қазақстандық электр энергетикалық қауымдастығымен,
  • ШҚО Кәсіпкерлері палатасымен,
  • ШҚО Жұртшылық кеңесімен.

2014 жылы «Өскемен ЖЭО» ЖШС Қазақстандық табиғат пайдаланушылардың орнықты даму үшін қауымдастығының тұрақты даму қағидаларына бейілділігі үшін марапатталды. 2016 жылы «Өскемен ЖЭО» ЖШС Республикалық «ПАРЫЗ» сайысының қорытындысы бойынша «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясында ШҚ облысындағы үздік кәсіпорын болып танылды.

Еңбекті қорғау

Қызметкерлердің өмірлері мен денсаулықтарының басымдылығы «Өскемен ЖЭО» ЖШС негізгі қағидаларының бірі болып табылады. Кәіспорынның негізгі міндеті – станция мен мердігерлік ұйым қызметкерлерімен жазатайым оқиғалардың болмауы.

«Өскемен ЖЭО» ЖШС басшылығы өзіне экология, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қаматамасыз ету саласындағы міндеттемелерді алады:

  • Біз станция мен мердігерлік ұйым қызметкерлерінің қауіпсіздігін бірінші орынға қоямыз.
  • Біз Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтаймыз және қызметкерлердің қауіпсіздік мәдениетін арттырып, үнемі оқыту қолдаймыз.
  • Біз қоршаған ортаның жағдайын қорғауға талпынып, әр қызметкердің денсаулығын қолдаймыз.
  • Біз кәсіпорынның экология, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қаматамасыз ету саласындағы қызметі туралы ашық айтамыз.

Еңбек қауіпсіздігінің жүйесі:

  • Еңбек қауіпсіздігі және станция аумағында мас күйінде болу фактілері бойынша бұзушылықтарға нөлдік шыдамдылық саясаты;
  • Алдын алу қауіпсіздігі – әр жұмыс кезеңін сапалы зерттеу, әр жұмыс кезеңіндегі ықтимал және іс жүзіндегі қауіптіліктерді анықтау мен қауіптілікті азайту, жою және бақылау үшін шараларды белгілеу мақсатында жұмыс қауіпсіздігін талдау бланкын пайдалану;
  • От жұмыстарының, биіктікте жұмыс істеу, ЖКҚ, жабық кеңістіктер және т.б. чек-парақтары;
  • 1C:SafetyWalk – ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы жүріп қарауларды тіркеу бағдарламасы. Кәсіпорын қызметкерлерімен жүріп қарауды жүргізу үрдісі, сонымен қатар, қол жеткізілген нәтижелер бригадалардың жұмыс орындарындағы қауіпсіз емес әрекеттер мен жағдайларды анықтау және анықталған бұзушылықтарды есепке алу үшін Safety Walk тіркеу бағдарламасына енгізіледі;
  • Құралдардың кездейсоқ немесе өздігінен ашылуын болдырмау үшін бекітуге арналған LOTO жүйесін қолдану, ауыстыру бланктары бойынша жұмыстарды жүргізу;
  • Ай сайынғы ҚТ және Экология күндерін өткізу;
  • ҚТ және ҚОҚ бойынша апта сайын ақпараттық бюллетендер шығару;
  • «Жұмыс/қызметтерді қауіпсіз орындаудың міндетті шарттары» шартына қосымша, соның негізінде мердігерлік ұйымдарға айыппұл санкциялары түрінде претензиялар қойылады.

Сертификаттау

  • Кәсіпорын ISO 9001 сапа менеджменті, ISO 14001 экологиялық менеджмент және ISO 45001 еңбек қауіпсіздігі жүйесіне сәйкестігіне сертификатталған..

Байланыс


Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы, Промышленная көшесі, 2
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359, Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: uktets@uktets.kz
Әлеуметтік желілер: Facebook Instagram

49.9804,82.6139

УК ТЭЦ

Кері байланыс

Бос жұмыс орындары

Бос орындар бар:

Ведущий экономист (1 адам) Планово-экономический отдел
Инженер по сварке (1 адам.) Лаборатория технической диагностики
Машинист-обходчик по турбинному оборудованию (2 адам.) Турбинный цех (ТЦ)
Слесарь по ремонту и обслуживанию оборудования
котельных и пылеприготовительных цехов (5 адам. - IV разряд)
Цех централизованного ремонта
Слесарь по ремонту и обслуживанию
парогазотурбинного оборудования (5 адам. - IV разряд)
Цех централизованного ремонта
Токарь (1 адам. - VI-разряд) Цех централизованного ремонта

Түйіндемеңізді поштаға жібере аласыз: uktets@uktets.kz | Байланыс телефондары: 290-389


Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: uktets@uktets.kz

© 1947-2026 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz