“Өскемен ЖЭО” ЖШС: сенімділік, қауіпсіздік, тиімділік
«Өскемен ЖЭО» ЖШС Шығыс Қазақстандағы жылу және электр энергиясының ірі өндірушісі болып табылады.
Станцияда 859,9 Гкал/сағ жылу қуатын және 372,5 МВт электр қуатын қамтамасыз ететін 9 қазандық агрегаты мен 8 турбоагрегат орнатылған. Кәсіпорында энергияны үнемдеу, энергия тиімділігін арттыру және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар белсенді түрде енгізілуде. Өз кезегінде бұл шаралар өңірдің энергия ресурстарына деген қажеттілікті тұрақты негізде қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Өскемен ЖЭО-да халықаралық стандарттарға сәйкес интеграцияланған менеджмент жүйесі енгізіліп, сертификатталды:
- ISO 9001: 2015 «Сапа менеджменті жүйесі»;
- ISO 14001: 2015 «Экологиялық менеджмент жүйесі»;
- ISO 45001: 2018 «Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі менеджменті жүйесі».
Компанияның экологиялық саясаты қоршаған ортаға әсерді барынша азайтуға, экологиялық нормаларды сақтауға және өндіріс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Кәсіпорын экологиялық жүктемені азайту үшін озық технологияларды енгізуде. Барлық қазандық қондырғылары эмульгатор түріндегі күл ұстағыш қондырғылармен жабдықталған, бұл шаңның шығарындыларын 51,3% - ға азайтуға мүмкіндік береді. Ылғалды скрубберді қолдану күкіртті ұстаудың тиімділігін арттырып, күкірт диоксидінің шығарындыларын 17,9% - ға азайтты. Азот оксидтерінің шығарындыларын азайту үшін төмен эмиссиялық оттықтар мен қысымды шаң беру технологиялары қолданылады. Жану процестерінің үш өлшемді модельдеуін пайдалана отырып, №15 қазандықты жаңғырту азот оксидтерінің үлестік шығарындыларын 20% - ға төмендетуге және қазандықты пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Жалпы, азот оксидтерінің үлестік шығарындыларын төмендету жөніндегі шаралар оларды 35% - ға азайтты.
Көмір шаңының үлестік шығарындыларын азайту үшін қапшықты сүзгілерді орната отырып, отын беру аспирациясы жүйелерін реконструкциялау жүргізілді. Қайта сумен жабдықтау жүйелерін құру бойынша ластанған ағынды сулардың төгілуін толығымен болдырмайтын айналымды гидро-күл тазалау және су ресурстарын ұтымды пайдалану үшін айналымды техникалық сумен жабдықтау жүйесін жасау сияқты жобалар іске асырылды. Сондай-ақ, нөсер ағындарын жинау және тазарту жүйелері енгізіліп, ластанған ағындардың Үлбі өзеніне төгілуін болдырмауға және су ресурстарына әсерін азайтуға мүмкіндік берді.
Өндіріс қалдықтары арнайы алаңдарда орналастырылады және қайта өңдеуге немесе жоюға жіберіледі. Өндірістік экологиялық бақылауды аккредиттелген санитарлық-өнеркәсіптік зертхана бағдарламаға сәйкес және қазіргі заманғы өлшеу құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырады. Сондай-ақ, кәсіпорында эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесі енгізілген.
Станцияда корпоративтік оқыту орталығы жұмыс істейді, онда мердігер ұйымдардың қызметкерлері мен жұмысшылары экологиялық талаптар мен еңбекті қорғау бойынша оқытудан өтеді. Онымен қатар, орталықта студенттермен кәсіби тәжірибе алмасу үшін кездесулер өткізіледі.
Өскемен ЖЭО қызметкерлері Ертіс жағалауларын тазарту бойынша «Жер Сағаты», «Бір өзен, бір тағдыр» сияқты экологиялық акцияларға және «World Cleanup Day» халықаралық акциясына белсене қатысады. Жастар бастамашыл тобы еңбек қауіпсіздігін арттыру және қоршаған ортаны сақтау жөніндегі іс-шараларды өткізуге қатысады.
Ұжымның кәсібилігінің арқасында Өскемен ЖЭО өңірлік энергия қажеттіліктерін қанағаттандыруға, экологиялық қауіпсіздікті, энергия мен ресурстарды үнемдеуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ өндіріс тиімділігін арттыруға бағытталған жабдықтарды жаңғыртуды және жобаларды іске асыруды жалғастыруда.