Қысқа дайындық қазірден басталды: ЖЭО-да жабдықтарды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр
Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
Месторасположение: РК, г. Усть-Каменогорск, ул. Промышленная, 2
Пресс-служба: +7 (7232) 290-215
Email: pr.uktets@uktets.kz
images/news/2026/06.04.26/06.04.26.jpg

Қысқа дайындық қазірден басталды: ЖЭО-да жабдықтарды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

| Жаңалықтар

Қаланы қысқы маусымға дайындау жұмыстары қазірден бастау алды. Өңірде жылыту маусымы әлі аяқталмағанына қарамастан, Өскемен ЖЭО-да жөндеу науқаны басталып кетті.

Бүгінгі таңда тоғыз қазандық агрегатының біреуін жөндеу жұмыстары аяқталды. Бекітілген кестеге сәйкес, келесі кезекте №7 қазандық агрегаты ағымдағы жөндеуден өткізу, сондай-ақ бу қыздырғыш пен ауа жылытқышты ауыстыру үшін жөндеуге шығарылды.

2026 жылғы жөндеу науқаны №10 және №14 қазандық агрегаттарын күрделі жөндеуді, үш қазандық агрегатын орташа жөндеуді және қалған төртеуін ағымдағы жөндеуді қарастырады. Сонымен қатар, станцияның барлық сегіз турбоагрегатында жөндеу жұмыстары жүргізіледі, олардың үшеуінде күрделі жөндеу жоспарланған.

Параллельді түрде инфрақұрылым жаңартылуда: жерасты өнеркәсіптік су құбыры, жоғары вольтты трансформаторлар, технологиялық құбырлар және ашық тарату құрылғысындағы АТҚ-110 кВ №2 жабдықтары. Жылу электр орталығының қосалқы жүйелеріне жөндеу жүргізіледі. Барлық жұмыстар қаланың жылу мен электр энергиясын тұрақты алуы үшін станцияны тоқтатпай, жоспарлы түрде орындалуда.

«Жөндеу науқаны - бұл сенімді қыстың негізі. Біз жабдықтарды кезең-кезеңімен жаңартып, тозуды азайтып, станцияның тұрақтылығын арттырамыз», - деп атап өтті «Өскемен ЖЭО» ЖШС бас директоры Данияр Нұғұманов.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: uktets@uktets.kz

© 1947-2026 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz