Өскемен ЖЭО тұлғалары: Дмитрий Халимоненко – біліктілік пен мамандық таңдаудағы жеңісі
Өзіңіз туралы ақпарат берсеңіз. Туған жеріңіз, білім алған оқу орындарыңыз, отбасыңыз туралы айта кетсеңіз? Неліктен бұл мамандықты таңдадыңыз?
Аты-жөнім Дмитрий Петрович Халимоненко. Мен 1993 жылы 6 сәуірде Өскемен қаласында дүниеге келдім. Көп балалы отбасында өстім: әкем - кірпіш зауытында механик болып жұмыс істейді, анам - сол зауытта шебер технолог және үлкен ағам - энергетикалық жабдықтарды сатумен айналысады. 2000 - 2011 жылдар аралығында Өскемен қаласының №27 орта мектебінде орта білім алдым. Мектеп жылдарында мен тарих пен спортқа қызығушылық таныттым, футболға қатыстым. Әртүрлі жарыстар мен олимпиадаларда әділ бәсекенің не екенін үйрендім.. 11 сынып оқушылары арасында «Құқық негіздері» пәні бойынша облыстық олимпиада ерекше есте қалды, онда мен үшінші орын алдым. Жеңіске жетпесем де, бұл олимпиадаға қатысу маған көп нәрсе берді және құзыреттілік пен дағдыларды дамытатын күрделі міндеттерді бағалауға үйретті. Мектептен кейін Өскемен политехникалық колледжіне "Жылу энергетикасы мамандығына оқуға түстім. Мамандық таңдауға Өскемен ЖЭО-да жұмыс істеген ағам Виктор Иванович Халимоненко шабыттандырды. Бала кезімде Өскемен ЖЭО-ға экскурсияға барып, күржелі жабдықтарды көріп таңқалдым. Сол сәттен бастап мен осы салада қызмет атқарғым келететінін түсіндім.
Өскемен ЖЭО -дағы еңбек қызметіңіз туралы айтып беріңізші. Еңбек жолыңыз неден басталды?
- 2014 жылы Өскемен политехникалық колледжінде оқуды аяқтағаннан кейін мен қазандық цехына багерлік сорғы мотористі болып жұмысқа орналастым. Алдымен тәлімгермен жұмыс орнында тағылымдамадан өту, содан кейін оның бақылауымен қайталау болды, емтихандарды тапсырғаннан кейін өз бетімше жұмыс істей бастадым. Мені бірден жас мамандарды оқытуға деген көзқарас таң қалдырды. Бір ай ішінде қазандық цехынына қосалқы жабдықтар тексерушісі Болып ауыстым. Кейін мен ЦКТИ 75-39, БКЗ 320-140 және ТПЕ430А қазандық машинисі мамандығынмеңгердім. Қазандық цехының аға машинисі лауазымына емтихан тапсырып, көп ұзамай қазандық жабдықтарын жөндеу тобына жөндеу инженері болып ауысып кеттім.
Өзіңіздің қандай естеқалардық жетістігініңізбен мақтанасыз?
- Энергетикада жұмыс істеу ережелерге, нұсқауларға және режимдік карталарға сәйкес жұмыс істеуді талап етеді. Өзіңізді стандартты емес,төтенше жағдайларда ғана көрсете аласыз. Мен үшін есте қаларлық сәттердің бірі №7 қазандық машинисі болып жұмыс істеген кезім.. Аспаптарды су деңгейі бойынша реттеу кезінде барабанда бу қыздырғышқа су құйылды, бұл бу температурасының күрт төмендеуіне әкелді. Мен аталған апаттың алдын алып қазандықты өшіру туралы шешім қабылдадым.
Станцияда сізге не ұнайды?
- Станциямыз жұмыс ұжымының кәсіпқойлығымен ерекшеленеді. Осындай ұжымның арқасында үнемі дағдыларды дамытуға біліктілікті арттыруға, мәселелерді оңтайлы шешуге талпынасын
Сіздің жұмысыңыздағы ең қиыны не?
- Шындығында, менің жұмысымда күрделі ештеңе жоқ. Ең бастысы-өз міндеттерін адал орындау.
Жас энергетиктерге не тілейсіз?
- Өзімді жас маманмын деп санаймын. Бастысы жұмыстан қорықпау керек. Жаңалықтардан құр қалмай, үнемі даму үстінде болсаңыз жылу энергетикасы саласын қауіпсіз, экологиялық таза және сенімді ете аласыз.
Отбасыңыз туралы айтып берсеңіз, ерекше қызығушылықтарыңыз бар ма?
- Мен үйленіп, екі бала тәрбиелеп отырмын - ұлым мен қызым бар. Қазіргі уақытта барлық бос уақытымды туған-туыстарыма және жақындарыма арнауға тырысамын. Бос уақытта міндетті түрдежаратылыстану ғылымдарымен қызығамын.