Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
images/news/2025/21.04.25/21_04_25.jpg

Құрметті еңбек демалысына

| Жаңалықтар

Өскемен ЖЭО-да маңызды әрі толғандырарлық оқиға өтті - ұжым өндірістік жабдықтарды жөндеу слесарі Пилинский Сергей Анатольевичті құрметті демалысқа шығарып салды.

Сергей Анатольевич станциядағы еңбек жолын 2018 жылғы 7 наурызда бастаған. Сергей Анатольевич өз ісінің нағыз шебері. Ол әрдайым кәсіби өсуге ұмтылған, біліктілігін бірнеше мәрте дәлелдеген, жауапкершілігі жоғары, талапкер адам.

Ортақ іске қосқан үлесі мен адамдарға деген ілтипаты оны ұжымның маңызды мүшесіне айналдырды. Әріптестері оны ашық-жарқын мінезді, әрдайым көмек қолын созуға дайын, кез келген адаммен оңай тіл табыса білетін жан ретінде сипаттайды.

Өскемен ЖЭО-ның бас директоры Данияр Нугуманов, техникалық директор Нұрлан Ахметжанов, орталықтандырылған жөндеу цехының бастығы Евгений Осадчий мерейтой иесіне естелік сыйлық табыстап, ұзақ жылғы еңбегі үшін алғыс айтып, мықты денсаулық, отбасына амандық және алдағы өмірінде жаңа жетістіктер мен жарқын сәттер тіледі.

Енді алдағы өміріңіз жақсы демалысқа, жан қалауыңызбен айналысуға және көптен бері ойда жүрген жоспарларды іске асыруға арналсын!



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

© 1947-2025 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz