Өскемен ЖЭО жылу беру мезгіліне дайындық жалғасуда
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ернар Хасенов ККС компаниялар тобының құрамына кіретін Өскемен ЖЭО-ның 2026-2027 жылдардағы жылу беру мезгіліне дайындық барысымен танысты. Негізгі жабдықтарды жөндеуге және станцияның сенімділігін арттыруға бағытталған ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылды.
Өскемен ЖЭО-дағы жөндеу науқаны қазан айына дейін жалғасады және негізгі жабдықтардың барлық 17 бірлігін қамтиды. 2026 жылы станцияны қысқа дайындауға 16 млрд теңгеден астам қаражат бағытталады.
Бүгінгі таңда № 7, 9, 12 және 13 қазандық агрегаттарын, сондай-ақ № 7, 9 турбоагрегаттарын жөндеу аяқталды. Орташа қысымды № 6 турбоагрегатта турбинаға күрделі жөндеу жүргізіліп, генераторды жөндеу де аяқталды. Қазіргі уақытта жұмыстар № 10, 11 және 15 қазандық агрегаттарында, сондай-ақ № 10 турбоагрегатта жалғасуда.
Жөндеу науқанымен қатар станцияда жаңғыртудың стратегиялық маңызды жобалар кешені іске асырылуда.
Олардың ішіндегі негізгісі – жаңа № 13 турбоагрегат пен № 16 қазандық агрегатын сала отырып, Өскемен ЖЭО-ны кеңейту. Жоба станцияның қоршаған ортаға тигізетін әсерін азайтуға бағытталған ең үздік қолжетімді технологияларды енгізуді көздейді.
Сонымен қатар № 2 110 кВ АҚҚ ашық тарату құрылғысының реконструкциялаудың бірінші кезеңі жалғасуда. Электротехникалық жабдықтарды жаңғырту 2029 жылға дейін жоспарланған және ол станцияның қуат беру сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Күрделі жөндеудің екінші кезеңі аясында жер асты өнеркәсіптік су құбыры желілері жаңартылуда. Жобаны толықтай 2028 жылы аяқтау жоспарланған.
Бұдан бөлек, орташа қысымды қоректендіру суының құбырларын реконструкциялау басталды. Бұл жобаны жүзеге асыру 2027 жылға дейін есептелген.
Тағы бір маңызды бағыт екінші–төртінші кезеңдердегі бас корпусты реконструкциялау болды. Жоба ғимараттың сенімділігі мен сейсмикалық төзімділігін арттыруды көздейді, өйткені станцияның негізгі жабдықтарының тұрақты жұмысы осы ғимараттың техникалық жай-күйіне тікелей байланысты. Жұмыстарды аяқтау 2027 жылға жоспарланған.
Кешенді жөндеу науқаны мен негізгі инфрақұрылымды жаңғырту Өскемен ЖЭО-ның сенімділігін арттыруға, технологиялық тәуекелдерді азайтуға және алдағы жылыту маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.