Облыс әкімі Ермек Көшербаев «Өскемен ЖЭО» жшс-не келді
2023 жылғы 30-шы маусым күні Облыс әкімі Ермек Көшербаев жұмыс сапары аясында Шығыс өңіріндегі ең үлкен ЖЭО-ға келді.
«Өскемен ЖЭО» ЖШС бас директоры Айдын Бексолтан әкімдік делегациясы мен БАҚ өкілдеріне алдағы 2023-2024 жж. жылу беру маусымына дайындық барысы, станция және жөндеу жұмыстары жөнінде айтып, кәсіпорынды аралатып, цехтардағы жұмыс барысымен таныстырды. Жаз маусымы – энергетиктер үшін белсенді жұмыс уақыты. Кәсіпорында жабдықты 2023-2024 жылыту маусымына дайындау бойынша жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
- Берілген жөндеу бағдарламасы аясында №7, 11 қазандық агрегаттарына, № 7, 12 турбоагрегаттарына күрделі жөндеу, № 10 қазандық агрегатына кеңейтілген ағымдағы жөндеу, сонымен қатар №8, 9, 12, 13,14, 15 қазандық агрегаттарына және №4, 6, 8, 9, 10, 11 турбоагрегаттарына ағымдағы жөндеулер жүргізу жоспарлануда. Бүгінгі таңда №7 турбоагрегатына күрделі жөндеу, сонымен қатар №8, 9 қазандық агрегаттарына және № 9, 10, 11 турбоагрегаттарының ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстары аяқталды – деп «Өскемен ЖЭО» ЖШС-нің бас директоры Айдын Бексолтан жиналған қауымға айтты.
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау шеңберінде, станцияның жабдығының тозу деңгейін төмендету мақсатында 2023 жылға арналған Инвестициялық бағдарламада жабдық элементтерін ауыстыру бойынша қосымша шаралар енгізілді, бұл өз кезегінде жалпы станцияның негізгі жабдықтарының тозу деңгейі 2,5%-ға төмендетеді. Іс-шаралар КА-10, КА-12, КА-14, КА-15-те жүзеге асырылады.
Жөндеуде:
- Қазандық агрегат № 11: Жұмыстарды орындау кезінде мердігерлер саны 31 адамды (оның ішінде түнгі уақытта 4 адам) құрайды;
- Қазандық агрегат № 12: Жұмыстарды орындау кезінде мердігерлер саны 29 адамды (оның ішінде түнгі уақытта 6 адам) құрайды;
- Қазандық агрегат № 15: Жұмыстарды орындау кезінде мердігерлер саны 38 адамды құрайды;
- Қазандық агрегат № 12: Жұмыстарды орындау кезінде мердігерлер саны 27 адамды құрайды.
«Өскемен ЖЭО» ЖШС жабдықты жұмысқа жарамды күйде ұстау бойынша барлық қажетті шараларды орындайды, өз тұтынушыларын электр және жылу энергиясымен тұрақты қамтамасыз ету үшін барынша күш салады. Жылыту маусымына дайындық штаттық режимде іске асырылуда.