Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
images/news/2020/30.09.20/ecology.jpg

Экологиялық шаралардың орындалуы туралы жиналыс

| Жаңалықтар

2020 жылдың 23 және 25 қыркүйегінде «Өскемен ЖЭО» ЖШС ШҚО қоғамдық кеңесінің, ШҚО бойынша Экология департаментінің және «Ecojer» аймақтық қауымдастығының экологиялық комиссиясының отырысына қатысты.

Бас эколог Марина Стрельцова 2019 және 2020 жылдардағы экологиялық шаралардың жүзеге асырылуы туралы баяндап, жөндеулер жөніндегі директор Тоқтар Ақтайлақовпен бірге жиналыс қатысушыларының сұрақтарына жауап берді.

Маңызды экологиялық іс-шаралар:

  • №15 қазандық агрегатынан азот тотығы шығарындыларын азайтудың ең үздік қол жетімді технологиясын ендіру;
  • күлді жинау тиімділігін арттыру мақсатында жоғары қысымды қазандықтың күл жинайтын қондырғылары эмульгаторларының құйындағыштарын ауыстыру;
  • шаңын тазартуды қамтамасыз етумен №1 вагонаударғышты қайта құру және №2 вагонаударғышты қайта жабдықтау шаралары, нәтижесінде тазарту жұмыстары орындалып, шығарындылардың ұйымдастырылмаған көзі жойылды;
  • отынмен қамтамасыз етудің аспирациялық қондырғыларын қайта құру - қап фильтрлерін орнатумен отынмен қамтамасыз етудің аспирациялық жүйелерін қайта құрудың ауқымды кезеңді бағдарламасы. 8 шығарынды көзі жойылды, ұсталған шаң өртеу үшін қолданылады; - Үлбі өзеніне ағызуды болдырмау мақсатында нөсерлі кәрізді қайта құру жобасын іске асыру. Нөсерлі суларды жинау мен тазартудың жалпы ауданы 44 200 м2 құрады;
  • №3 күл үйіндісін қайта құру бойынша жұмыстарды аяқтау, жаңа №5 күл үйіндісінің құрылысын жобалау бойынша жұмыстарды бастау. 2005 жылдан бастап күл мен қож қалдықтарын қауіпсіз шығару қамтамасыз етілді. Қазақстан Республикасында тұңғыш рет бөгет салу үшін жинақталған күл мен шлак қалдықтарын қабаттастыру тәжірибесі қолданылды. Күл мен қож қалдықтарын құрылыс материалы ретінде пайдаланудың мөлшері 153,6 мың тоннаны құрады, яғни, бұл күл мен қож түзілуінің жылдық көлемі.

Айта кету керек, «Өскемен ЖЭО» ЖШС қазақстандық кен орындарының аз күлді (13-16%) және аз күкіртті (0,35-0,45%) көмірлерін пайдаланады. Көмір кен орындарының көпшілігінде қатты отынның құрамында күкірт мөлшері 0,4-1,1% болатын күл мөлшері 35-40% құрайды. Өскемен ЖЭО қазандық агрегаттарын тиімді пайдалану және қоршаған ортаға әсері аз болуы үшін жеткізілетін көмірдің шарттық сапалық сипаттамаларын міндетті түрде сақтау тұрғысынан көмір жеткізушілеріне қатаң талаптар қояды.

2019-2020 жылдарға жоспарланған инвестиция көлемі 680,26 млн.теңге, қоршаған ортаны қорғау іс-шараларын іске асыруға нақты шығындар 792,515 млн теңгені құрады, соның ішінде 224,2 млн. теңге жоспардан тыс іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған.

Кәсіпорын барлық қоғамдық экологиялық бірлестіктермен белсенді ынтымақтастықта болады, аумақты тазарту және қаланы көгалдандыру бойынша іс-шараларға қатысады, қоршаған ортаны өзінің санитарлық-өнеркәсіптік зертханасы арқылы бақылайды, сонымен қатар тәуелсіз аккредиттелген зертханаларды тарта алады.

Үздіксіз оқыту мақсатында кәсіпорында Корпоративтік оқу орталығы (КОО) жұмыс істейді, КОО бағдарламаларында кәсіпорынның персоналына және мердігерлерге экологиялық және еңбек қауіпсіздігі талаптары бойынша оқыту бар. Сонымен қатар, «Өскемен ЖЭО» ЖШС политехникалық колледжбен бірлесіп студенттерге, қоршаған ортаны қорғау мәселелерін қамти отырып, дуальды оқыту жүргізеді.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 1947-2024 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz