Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
images/news/2021/10.12.21/10.12.21.jpg

Құрметті демалысқа шығарып салдық

| Жаңалықтар

2021 жылғы 6 желтоқсанда Өскемен ЖЭО-да электр жабдықтары мен ТАИ жөндеу цехының автоматика және өлшеу құралдарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электр слесарі Владимир Иванович Костинді құрметті демалысқа шығарып салдық.

Владимир Иванович еңбек жолын 1997 жылы 20 қаңтарда Өскемен ЖЭО-да бастады. Жұмыстың алғашқы күндерінен бастап өзін шеберханадағы білікті мамандардың бірі ретінде көрсетті, ол өз шеберлігін іс жүзінде дәлелдеді. Міндеттерін білікті және қауіпсіз орындады және бригада әріптестерінен де осыны талап етеді. Владимир Иванович адал, тәртіпті, бастамашыл, жауапты қызметкер. Электр жабдықтарын жөндеу, жылу автоматикасы және өлшеу цехының ұжымында әріптестерінің лайықты беделі мен құрметіне ие. Станцияда жұмыс істеу кезінде, ТАИ жабдықтарын монтаждау және жөндеу бойынша үлкен тәжірибеге ие бола отырып, оған бірнеше рет жас қызметкерлерді жұмыс орнында оқыту тапсырылды. Оның қатысуынсыз Өскемен ЖЭО-дағы жабдықтарды автоматтандыру бойынша бірде-бір жоба аяқталған жоқ.

2021 жылғы 8 желтоқсанда қазандық цехында өндіріс мерейтойының иегері Сергей Викторович Семеновты құрметті демалысқа шығарып салдық. 1995 жылдан бастап кәсіпорында жұмыс істеген кезінде Сергей Викторович қазандық жабдығы бойынша машинист-қараушы, қазандық машинисі мамандықтарын игерді. Соңғы бірнеше жыл бойы қазандық цехының "В" ауысымының жедел персоналы қазандық жабдығының аға машинисі ретінде жұмыс істеді. Ізбасар ретінде аға машинист лауазымына Руслан Ежикеновты оқытып, өз тәжірибесі мен білімін жас мамандарға үйретті. Дана тәлімгер ретінде әрқашан кеңеспен ғана емес, іспен де көмектесуге дайын.

Сонымен қатар, Сергей Семенов кәсіпорынның спорттық өміріне белсенді қатысты, волейбол бойынша қазандық цехының команда мүшесі болды. "Өз ісінің маманы, жауапты, еңбекқор, адал қызметкер және лайықты адам", - деп Сергей Викторовичтің әріптестері оны осылай сипаттайды. Өскемен ЖЭО басшылығы өз әріптестеріне алғыс айтып, Құрмет грамоталары мен естелік сыйлықтарын табыс етті, мықты денсаулық, жаңа өмір кезеңдерінде табыстылық пен  барлық өмрлік жағдайда сәттілік тіледі!



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 1947-2024 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz