Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
images/news/2020/07.12.20_2/students.jpg

Келешекке «Өскемен ЖЭО» ЖШС-мен: студенттен кәсіпқой маманға дейін!

| Жаңалықтар

«Өскемен ЖЭО» ЖШС Өскемен жоғары политехникалық колледжімен белсенді ынтымақтастық жасайды. Қосарлы оқыту келісімі аясында студенттер кәсіпорында өндірістік тәжірибеден өтіп, өздерін көрсете алады.

Сөйтіп, 2020 жылдың 1 қыркүйегі мен 23 қарашасы аралығында Политехникалық колледжінің «Жылу энергетикасы» мамандығы бойынша 3 курс студенттері «Өскемен ЖЭО» ЖШС-нің білікті тәлімгерлерінің басшылығымен оқу-өндірістік тәжірибеден өтті.

2020 жылдың 6 қазанынан бастап колледждің 2 курс студенттері оқу-таныстыру тәжірибесіне кірді. Оқыту онлайн режимінде «Discord» бағдарламасының алаңында өтеді. Оларға сәттілік және мамандықты игеруде зор жетістіктер тілейміз!

Евгений Осадчий, «Өскемен ЖЭО» ЖШС орталықтандырылған жөндеулер цехының бастығы:
- Бізде бес студент болды. Біз оларды негізгі жөндеу бригадасына бекіттік. Мұнда олар цехтың жұмысын іштен көрді, жабдықтың жұмысы туралы максималды ақпарат ала алды. Біз үшін қазірдің өзінде студенттер болашақ әріптестер және ЖЭО қызметкерлері болып табылады. Олар оқуын бітіре салысымен, біз бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде іріктеу жүргізіп, оларды кәсіпорнымызға шақырамыз. Білімдерін жетілдіру үшін цехте қалып үйренулеріне жағдайлар жасаймыз. Білікті дәнекерлеуші ​​немесе слесарь болу үшін кемінде үш жыл дайындық қажет. Содан кейін олар өздері үйреніп, тартылады, біз талантты қызметкерлерді бақылап, жоғарылатамыз. Біздің кәсібімізде өз бетінше ойланып, шешім қабылдай білу өте маңызды. Мұны біз болашақ энергетиктерден де күтеміз.

Алексей Стеблюк, «Өскемен ЖЭО» ЖШС қазандық цехының бастығы:
- Біздің цехта студенттер ауысымда және жабдықты баптауда тәжірибеден өтті. Қысқа уақыт аралығында барлық жабдықтармен таныстырылды, олар өздерін өте тиімді жұмыскерлер ретінде көрсетті. Менің жас әріптестеріме тілегім – жұмыстарына қызығушылық таныту!

Константин Пятков, «Өскемен ЖЭО» ЖШС турбиналық цехтың бастығы:
- Тәжірибе барысында Өскемен жоғары политехникалық колледжінің үшінші курс студенттері алғашқы кәсіби дағдылар мен икемділіктерге ие болды, кәсіпорын жұмысымен танысты. Бұл бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие мамандарды дайындауға көмектеседі. Өскемен ЖЭО қызметкерлері тәжірибеден өтушілерге өздерінің барлық білімдері мен тәжірибелерін беруге тырысады.

Топ кураторы Лазаренко Олеся Дмитриевна:
- Қосарлы оқыту шынымен де нағыз мамандарды тәрбиелеуге мүмкіндік береді. 2020 жылдың 20 қарашасында біз Қорытынды Аттестация өткіздік. Барлық студенттер «Қазандық жабдықтар жөніндегі қараушы-машинист» біліктілігін ала отырып, емтиханды табысты тапсырды. Мен «Өскемен ЖЭО» ЖШС басшылығына мен корпоративтік оқыту орталығына, тәлімгерлерге, цех басшыларына алғысымды білдіремін. Тәжірибеден өту барысында біздің студенттер қолданбалы пәндер бойынша білімдерін бекітіп, осындай керемет ұжымда қарым-қатынас тәжірибесін де жинақтады.

Студенттердің пікірлері: Адылғазы Аяна және Родина Карина:
1 қыркүйекте тәжірибеге келе салысымен бізге еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар беріліп, бізді кәсіпорынмен таныстырды. Жағдайлар өте жақсы болды: химиялық зертханада бізге барлық қажетті заттар, арнайы киімдер ұсынылды. Барлығы бізге тәжірибемізді кесте бойынша өтуімізге көмектесті. Тәжірибені ұйымдастырғандары үшін Өскемен Жылу электр орталығына үлкен рахмет!

Қабдрахманов Саят:
Мен өндірістік тәжірибемді турбина цехында өттім. Маған жұмыс орны бөлініп, арнайы киім берілді, қауіпсіздік техникасы, өндірістік қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтар өткізілді. Мен өндіріс туралы сұрақтар қойған кезде нақты жауаптар алдым. Мен үшін осы жерде тәжірибеден өту қызықты болды. Менің кураторларыма рахмет!



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 1947-2024 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz