Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
images/news/2023/11.06.23/11.07.23.jpg

Өскемен ЖЭО-да кайдзен ұдайы жақсарту бағдарламасы сәтті жұмыс істеуде

| Жаңалықтар

Өскемен ЖЭО өзінің ағымдағы қызметі барысында өндірістің барлық деңгейіндегі үдерістерді үздіксіз оңтайландыруға көбірек көңіл бөледі.

Кайдзен – «кай» - өзгеріс және «дзен» - жақсы жаққа өзгерту деген жапон сөздерінен шыққан ұғым. Бір сөзбен айтқанда, кайдзен – барлық өндірістік процестерді үздіксіз жетілдіруге негізделген басқарудың негізгі концепцияларының бірі.

Өскемен ЖЭО-да Кайдзен ұдайы жақсарту бағдарламасы сәтті жұмыс істеуде. Бағдарламаның негізгі бағыттары: кайдзен жобалары, идеяларды беру жүйесі – «бриллианттар», құндылықтар ағынының картасы, 5S жүйесі. Өткен 2022 жыл көлемінде Өскемен ЖЭО жұмысшылары барлығы 159 жаңашыл идея және 16 жоба ұсынса, оның ішінде жалпы экономикалық тиімділігі 448 млн теңгені құрайтын 4 жоба жүзеге асырылды. 2022 жылғы іске асырылған рационализаторлық ұсыныстары үшін қызметкерлерді көтермелеудің жалпы сомасы 541 365 теңгені, бриллианттарды ұсынғаны және оларды енгізгені үшін - 1 447 284 теңгені құрады.

Кәсіпорын жұмысшылары әртүрлі кайдзен құралдарын пайдаланады, төменде бірнеше мысалдар келтірілген:

  • Ой – талқы – 4-тен 12 адамға дейін бір топ адам сұрақты/мәселені шешудің себептері мен жолдарын іздеуге жиналады. Талқылау барысында көптеген идеялар туындайды.
  • Ишикава диаграммасы, Fish bone осы үшін қолданылуы мүмкін: мәселенің ең маңызды себептерін анықтау; әртүрлі факторлар арасындағы байланысты іздеу; ақпаратты визуализациялау және жүйелеу.
  • 5 әдіс - бір ғана «неге?» деген сұрақты қайталау арқылы мәселенің түпкі себебін табу үшін қолданылады. Әрбір келесі сұрақ алдыңғы сұраққа жауап беру үшін сұралады.

2023 жылы Өскемен ЖЭО-да келесі кайдзен жобалар мақұлданған:

  1. Турбиналық цехтың орта қысымында дренаждық ағындары мен үрлеурін кәдеге жарату;
  2. Мұнай өнімдерінің ағын суларға төгілуін болдырмау;
  3. Май және мазут шаруашылығының конденсаты және қазандықтардың үздіксіз үрлеу кеңейткіштерінен шыққан ағынды бу шығаруды азайту;
  4. Түтінтартқылар жұмыс доңғалақтарының қалақтарында күл қабаттарынының пайда болуын азайту;
  5. Орта қысымды қазандықтардың номиналды жүктемесіне дейін жеткізу (КА-10);
  6. Әкімшілік – тұрмыстық корпустың өртке қарсы сумен қамтуын және бақылау өлшеу аспаптарын монтаждау алаңының жылу жүйелерін оңтайландыру;
  7. Станция нысандарының тұрмыстық және шаруашылық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мүмкіндігі;
  8. 22 В Бас тарату басқару қалқанының 6-кезегінің тұрақты ток резервтік қоректендіру көзін автоматты қосу сенімділігін арттыру;
  9. Персоналдың біліктілігін арттыру;
  10. 1С жүйесінде растайтын құжаттарды жүктей отырып, уәкілетті органдарға (Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаментіне, Энергетика министрлігіне) есептерді қалыптастыруды автоматтандыру;
  11. Технологиялық деректерді алуға мобильді қолжетімділікті ұйымдастыру. Көрсеткіштер өзгерген кезде жедел хабарландыру;
  12. Турбиналық цехтың химиялық бөлімшесінде кадрлардың жеткіліксіздігі жағдайында персоналды басқаруды оңтайландыру;
  13. Желілік су жылытқыштар жұмысының тиімділігін арттыру;
  14. Диірмендердің жүктелуін басқару жабдықтарын жаңғырту;
  15. Ст. №15 қазанагрегатының түтін шығару қондырғыларының жүрістік бөліктерін үздіксіз дірілбасқарудың автоматтандырылған жүйесімен қамтамасыз ету;
  16. Өндірістік аумақ және теміржол жолдарының жасанды жарықтандыруын жақсарту.

Өскемен ЖЭО қызметкерлері білімдерін, тәжірибесін, жаңашылдық рухы мен кәсіпқойлығын ұштастырып, 2022 жылы тамаша нәтижелерге қол жеткізді, ал 2023 жылы өндірісті жетілдіру мақсатындағы жобаларды жүзеге асыру үдерісі бұдан да жандана түсетініне сенімдіміз.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 1947-2024 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz