Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
images/news/2021/03.11.21/03.11.21.jpg

Өскемен ЖЭО командасы энергетиктер арасында үстел теннисінен өткен облыстық жарыста бірінші орынға ие болды

| Жаңалықтар

Өткен демалыс күндері, 2021 жылғы 31 қазанда Өскемен қаласының спорт кешенінде Шығыс Қазақстан облысының энергетикалық кәсіпорындарының алты командасы кездесті.

Үстел теннисінен әрқайсысы үш адамнан құралған командалар жүлделі орындарға күресті.

Нәтижесінде командалық орындар келесідей бөлінді:

  • 1 орын – «Өскемен ЖЭО» ЖШС
  • 2 орын – «Согра ЖЭО» ЖШС
  • 3 орын – «Шүлбі ГЭС» ЖШС
  • 4 орын – «Өскемен Жылу жүйелері» АҚ
  • 5 орын – «Өскемен ГЭС» ЖШС
  • 6 орын – «Біріккен Энергетикалық сервистік компания

Жекелей сында құрметті бірінші орынды тұрақты чемпион, «Өскемен ЖЭО» ЖШС автоматика және өлшеу құралдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі техник Николай Киселев иеленді. Жекелей сында «Өскемен ЖЭО» ЖШС санитарлық-өндірістік зертханасының меңгерушісі Гүлзана Шафигуллина жүлделі екінші орынға ие болды.

ХХХХVII Облыстық Спартакиада аясындағы жарыстарды өткізудің алдында кәсіпорындарда дайындық жүреді. Үздік спортшыларды іріктеу компания қызметкерлері арасындағы ішкі жарыстар арқылы жүзеге асырылады. Айта кетерлігі, Өскемен ЖЭО энергетиктері бірнеше рет спорттық турнирлерде жетекші орындарды иеленді.

Сондай-ақ, өткен жүзу жарысында «Өскемен ЖЭО» ЖШС де командалық есепте Шығыс Қазақстан облысының төрт энергетикалық кәсіпорнын басып озып, бірінші орынды иеленді. Жекелей есепте бірінші орынды бу турбинасының машинисті Максим Мальцев иеленді.

Салауатты өмір салты, жұмыстан бос уақытында белсенді спортпен айналысу энергетиктер үшін үйреншікті іс. Байқауға қатысушылардың барлығына және энергетикалық компаниялардың барлық әріптестеріне 2021-2022 жылғы қысқы кезеңде мықты денсаулық, отбасылық амандық, қауіпсіз және кедергісіз жұмыс тілейміз.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 1947-2024 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz