"Өскемен ЖЭО" ЖШС бас директоры болып Данияр Нугуманов тағайындалды
Данияр Нугуманов "Қазақстандық Коммуналдық жүйелер" тобының құрамына кіретін "Өскемен ЖЭО" ЖШС Бас директоры болып тағайындалды.
Бұған дейін Данияр Тоқтарұлы аталған энергия өндіруші компанияның инвестициялық жобалар және күрделі жөндеулер жөніндегі директоры болып жұмыс істеген."Өскемен ЖЭО" ЖШС-нің алдыңғы бірінші басшысы Айдын Бексолтан басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз еркімен ЖЭО бас директоры қызметінен босатылды.
Нугуманов Данияр Тоқтарұлы 1970 жылы Абай облысында дүниеге келген, 1980 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында, ал 1987 жылдан қазіргі уақытқа дейін Өскемен қаласында тұрады.
Жоғары техникалық білімі бар. 1992 жылы Өскемен Құрылыс-жол институтын бітірген. 1997 жылы Санкт-Петербург Мемлекеттік сәулет-құрылыс университетінде аспирантураны бітіріп, кандидаттық диссертациясын қорғады, сол кезде Данияр Тоқтарұлына техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.
Данияр Нугуманов еңбек жолын Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінде оқытушы лауазымынан бастады, содан кейін осы университетте аға оқытушы, доцент, декан болып қызмет етті. Данияр Нугуманов Өскемен ЖЭО-да 15 жыл бойы қызмет атқарып келеді.
"Өскемен ЖЭО" ЖШС-дегі еңбек жолын 2008 жылы өндірісті дайындау цехы бастығының орынбасары қызметінен бастады. Бұдан әрі жөндеулерді дайындау бөлімінің бастығы, жөндеу және перспективалық даму жөніндегі директор болып жұмыс істеді және 2015 жылдан бастап инвестициялық жобалар және күрделі құрылыс жөніндегі директор лауазымын атқарды, онда электр станциясының жабдықтарын, ғимараттары мен құрылыстарын салу, қайта құрастыру және жаңғырту, күрделі жөндеу жобаларын дайындау және іске асыру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырды.
Данияр Тоқтарұлының тікелей басшылығымен бірқатар ауқымды өндірістік жобалар сәтті іске асырылды, атап айтқанда қуаты 120 МВт құрайтын ст.№12 турбоагрегатының құрылысы, №3 күл үйіндісін қайта жаңарту, есептеуіш гидрогаздық динамиканың үш өлшемді моделін қолданумен, оттыққа ауа ағынын беруді өзгерте отырып, азот оксидін төмендету үшін ст. № 15 қазандық агрегатын жаңғырту, өнімділігі 24 000 м3/сағ желдеткіш салқындату мұнарасын салу, ағын бөлігін жаңғыртумен және белгіленген қуатын 120 МВт дейін ұлғайтумен ст. №11 турбоагрегатын қайта құрастыру, ЦВД ауыстырумен және турбинаның парктік ресурсын 220 000 сағатқа қалпына келтірумен ст.№9 турбоагрегатын жаңғырту.
Үйленген, 4 бала тәрбиелеп отыр.