«Өскемен ЖЭО» ЖШС-де қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау күні өтті
2023 жылғы 30 қарашада «Өскемен ЖЭО» ЖШС Өндірісті бақылау, қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметі ұйымдастырған Қауіпсіздік техникасы және Қоршаған ортаны қорғау күнін өткізді. Мұндай іс-шаралар қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері туралы хабарларын арттыруға, сондай-ақ, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға баулуға бағытталған.
Іс-шараны өткізу кезінде басты назар өндірісте туындауы мүмкін мәселелердің алдын алуға, оларды болжауға және шешуге аударылды. Қауіпсіздік техникасы күні аясында «эвакуация жолдарына өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптары», «экология туралы 5 миф», «эпидемия маусымында өзіңізді және жақындарыңызды тұмау мен ЖРВИ-дан қалай қорғауға болады», «Персоналмен жұмыс және әкімшілік мәселелер бөлімінен ақпарат» сияқты маңызды тақырыптар қарастырылды.
Іс-шара23-25 қарашада Қарағанды қаласында өткен «Қарағанды Жарық» ЖШС-нің 20 жылдығына арналған спартакиадаға қатысқан Өскемен ЖЭО қызметкерлерін марапаттаумен аяқталды. Өздеріңіз білетіндей, Өскемен ЖЭО командасы аталған спорт жарыстарында жалпы командалық есеп бойынша бірінші орынға ие болды. «ҚКЖ» тобының еншілес ұйымдары мен «Қазақстандық Коммуналдық жүйелер» басқарушы компаниясының командалары қатысқан Спартакиададағы жеңісі үшін Өскемен ЖЭО қызметкерлері грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Өскемен ЖЭО» ЖШС Бас директоры Данияр Нұғыманов электр цехының электр машиналарын жөндеу жөніндегі электрослесарі Бағлан Сапашевке «Үздік шабуылшы» номинациясын, станцияның кезекші инженері Вячеслав Мазурякқа «Үздік қақпашы» номинациясын табыстады. Сондай-ақ, кәсіпорын басшылығы Өскемен ЖЭО-ның бастамашыл тобының жетекшісіне, Өндірісті бақылау, қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметінің жетекші инженері Сырым Өмірзақовқа спорттық командаларды тамаша ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді.
Іс-шараның соңында, «Өскемен ЖЭО» ЖШС Бас директоры Данияр Нұғыманов салауатты өмір салтын насихаттау станцияда өнімді еңбек ұжымын қалыптастыруда, командалық рухты нығайтуда, сондай-ақ кәсіпорынның жалпы беделін жақсартуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.