«Өскемен ЖЭО» ЖШС-нде кәсіподақтар федерациясы басшылығымен және ҚР парламенті мәжілісінің депутаттарымен кездесу өтті
2021 жылы 8 маусымда «Қалайсың, бастауыш ұйым?» акциясының аясында «Өскемен ЖЭО» ЖШС-не онлайн-сапар жасалды. Кездесуде бастауыш кәсіподақ ұйымы қызметінің өзекті мәселелері талқыланды.
«Өскемен ЖЭО» ЖШС бас директоры Айдын Бексолтан кәсіпорынның жұмысы және ЖЭО негізгі бөлімшелері туралы баяндады. «Біз жыл сайын тұтынушыларды электр қуатымен сенімді және үздіксіз қамтамасыз ету үшін негізгі және қосалқы жабдықтарды жөндеуді, жаңғыртуды және қайта құруды жүргіземіз», - деді Айдын Бексолтан.
Өскемен ЖЭО бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Евгений Блинов өз кезегінде кәсіподақ комитетінің жұмысындағы басты басымдықтар жұмысшылардың еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау және тараптардың ұжымдық шарт талаптарын сақтауларын бақылау болып табылатындығын атап өтті. «Өскемен ЖЭО» ЖШС кәсіподақ ұйымы 1975 жылы құрылды. Ұжымдық шартта жұмысшылардың біліктілігін арттыру мен денсаулығын нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылған
Сонымен бірге, ұжымдық шарт еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға бағытталған нормаларды кеңінен реттейді. Осы бағыттағы жұмыстар туралы ынталы жастар тобының жетекшісі, «Өскемен ЖЭО» ЖШС ҚТ және ЕҚ жөніндегі инженер Сырым Өмірзақов айтып өтті. «Өскемен ЖЭО» ЖШС-нде қауіпсіздіктің үздік әдістері қолданылады. 1С: Safety Walk - бұл еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қарап бақылауарды тіркеуге арналған бағдарлама. LOTO жүйесі жабдықты құлыптауға арналған», - деді Сырым Өмірзақов.
Сонымен қатар, ЖЭО корпоративті оқыту орталығы ЖЭО қызметкерлері мен мердігерлік ұйымдардың жұмысшыларының қауіпсіздік біліктілігін үнемі көтеріп отырады.
ШҚО энергетика қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымының төрайымы Вера Подрезова сала қызметкерлерінің проблемалық мәселелері туралы егжей-тегжейлі айтты. «Энергетиктердің төмен жалақысы тарифтегі «жалақы» бабы бойынша қаржыландырудың жеткіліксіздігімен де байланысты», - деп атап өтті Вера Подрезова.
Энергетика саласы қызметкерлерінің Салалық кәсіподағының төрағасы Оразбек Бекбас Өскемен ЖЭО-ның ұжымдық шартының, оның ішінде жұмысшылардың жалақысын индекстеу нормаларының жағымды жақтарын атап өтті. Оразбек Бекбас саладағы орташа жалақы республикадағы орташа жалақыдан 13 пайызға төмен екенін қосып, Парламент Мәжілісінің депутаттарына желі операторлары мен сатушыларға тарифтер белгілеу функциясын беру мәселесін Ұлттық экономика министрлігінен мамандандырылған бөлімге - Қазақстан Республикасының энергетика министрлігіне берілуін шешуге көмек сұрап, өтініш білдірді.
Парламент Мәжілісінің депутаттары Екатерина Смышляева мен Мейрамбек Төлепберген кездесу қатысушыларын кәсіподақтар федерациясының мәжіліс депутаттарымен еңбек заңнамасын жетілдіру жөніндегі бірлескен бастамалары, «Кәсіподақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және басқа да нормативтік құқықтық актілер туралы хабардар етті. Кездесуді қорытындылай келе, ҚРКФ Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Тінікеев кәсіподақ мүшелігінің мотивациясын күшейтудің маңыздылығын атап өтті және энергетика саласындағы жұмысшылардың барлық проблемалық мәселелері Үкімет мүшелерінің назарына жеткізілетіндігіне сендірді.