«Өскемен ЖЭО» ЖШС корпоративтік оқыту орталығы «Караганда Энергоцентр» жшс-дағы әріптестеріне тайм-менеджмент бойынша онлайн-тренингін өткізді
2023 жылғы 27-ші маусымда «Өскемен ЖЭО» ЖШС Корпоративтік оқыту орталығы ZOOM арқылы тайм-менеджмент бойынша онлайн тренингін «Караганда Энергоцентр» ЖШС қызметкерлері үшін конференция ұйымдастырды.
- Қазіргі заманда біз жұмысты, білім беруді, отбасын және тағы басқаны біріктіріп, оқиғаларға толы және жан-жақты өмір сүріп жатырмыз. Тайм-менеджмент істердің айналымына, мансап, достармен және отбасымен кездесулер, кәсіби қызметтің қамы үшін қажет. Барлық істердің орындалуын қалай дұрыс жоспарлау керек? Ештеңені ұмытпау, жұмысқа кәсіби көзқараспен қарау, отбасылық рөлдерге уақыт бөлу және ресурстық жағдайды сақтау, - «Өскемен ЖЭО» ЖШС Корпоративтік оқыту орталығының басшысы Наталья Слабодчикова тренингін осы сөздермен бастады.
Тренингке 30-дан астам жұмысшы қатысты, ол үлкен қызығушылық тудырды, өйткені ол тыңдаушыларға уақытты басқару мәселесін және оны тиімді пайдалануға мүмкіндік берді. Тренинг спикері білім алушыларға аз уақыт пен аз күш жұмсай отырып, жеке тиімділікті арттыруға және маңызды мақсаттарға жетуге мүмкіндік беретін, уақытты тиімді пайдаланудың бірқатар әдістері мен тәсілдерін көрсетті. Тренинг аяқталғаннан кейін барлық тыңдаушылар тәжірибе түрінде өз бетінше орындау үшін қажетті материалдарын алды.
Бір апта бұрын осындай оқу «Өскемен ЖЭО» ЖШС жұмысшылары үшін өткізілген болатын. Уақытты жоспарлау және басқару әркімнің жеке ісі деп саналады. Дегенмен, қызметкердің белгіленген мерзімге сәйкес жұмысын жасау, жұмыс көлемін басымдылық пен дұрыс бөлу қабілеті - жеке табыстылығы ғана емес, сонымен қатар кәсіпорынның тиімді жұмысының кілті болып табылады.
Тайм-менеджмент – бұл басқарушылық қызмет саласындағы жаңа бағыт, ұйымды бәсекеге қабілетті ету, сонымен бірге қызметкерлерге қолайлы еңбек жағдайларын жасау, бұл өз кезегінде олардың ынтасын арттырады.
Тайм-менеджмент сияқты тренинг барлық қажетті шұғыл тапсырмаларды орындауға көмектеседі, сонымен қатар тиімділікті арттыруға, өнімді және саналы өмірге қадам жасауға көмектеседі. Тренинг барысында «хронофагтар» («уақыт жегіштер»), «Парето ережелері», «Эйзенхауэр матрицасы» сияқты тәжірибелік дағдылар, тапсырмаларды бөлу және жоспарлау, оларды күнделікті өмірімізге енгізу және әдеттерді бақылау құралы арқылы әдеттерді қадағалау қолданылды.
Оқуға Қарағанды ЖЭО-3 және «Караганда Энергоцентр» ЖШС орталық кеңсесінің қызметкерлері қатысты. Тренинг барысында қатысушылар чатта белсенді түрде алған әсерлерімен бөлісті. Бұл осы бағытта өзара қызығушылық танытқан «Өскемен ЖЭО» ЖШС мен «Караганда Энергоцентр» ЖШС бірлескен оқытудың алғашқы тәжірибесі. Еске сала кететін жағдай, «Караганда Энергоцентр» ЖШС Оқыту орталығы ағымдағы жылдың наурыз айында ашылған болатын.
Оқыту орталығының шешетін міндеттері: қызметкерлердің біліктілігін арттыру, жаңа қызметкерлердің бейімделу үдерісін жетілдіру, жаңадан келгендердің тұрақтамауын азайту және тәжірибеден өтуге келген студенттердің резервін дайындау. Ол үшін кәсіби оқыту бағдарламалары әзірленіп, бірінші кезеңде қауіпсіздік және еңбекті қорғау, кәсіби дағдыларды дамыту және жеке тұлғаны дамыту бойынша сабақтар өткізілуде. Орталықта барлық қажетті материалдық база: компьютерлер, көрнекі құралдар, құрал-жабдықтар үлгілерімен жабдықталған оқу кабинеті бар.
Оқыту іс-шараларын персоналды басқару бөлімінің оқыту және дамыту жөніндегі жетекші маманы, сонымен қатар компанияның өндірістік қызметінің жоғары білікті қызметкерлері жүргізеді. «Караганда Энергоцентр» ЖШС Оқыту орталығы энергетиктер үшін табысты және ұзақ уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқан «Өскемен ЖЭО» ЖШС Корпоративтік оқыту орталығымен белсенді қарым-қатынас орнатуда.
Екі энергетикалық кәсіпорынның Оқыту орталықтары арасындағы өзара қарым-қатынасының маңыздылығы – тәжірибе алмасу және ЖЭО-ның ағымдағы жұмысы жағдайында кәсіби мамандарды даярлау мәселелерін шешу.