«Өскемен ЖЭО» ЖШС-нде жас жұмысшылар арасында «Жылдың үздік жас маманы» атты сайыстың бірінші кезені өтті
Өздеріңізге белгілі 2019 жыл Қазақстан Республикасында жастар жылы болып жарияланған болатын. «Өскемен ЖЭО» ЖШС-гі Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын қолдайды, осыған байланысты жылу-электр орталығы жұмысшылар арасында «Жылдың үздік жас жұмыскері» атағына конкурс өткізілді.
Конкурсқа қатысушылар үшін шарттар «Өскемен ЖЭО» ЖШС-нде кемінде 1 жыл жұмыс өтілі, қатысушының жасы 32 жастан кем емес, жоғары немесе орта білімі болуы. Бірінші кезең - тестілеу, онда әрбір нақты лауазымға, оның ішінде қоғамның қызметіне, қызметтік және кәсіби міндеттеріне тікелей байланысты және Қазақстан Республикасының заңнамасынан туындайтын сұрақтардың саны отызды құрады. Келесі кезеңге өту үшін шекті мән сұрақтардың жалпы санынан кемінде жиырма дұрыс жауап болуы керек болды.
Сайыскерлерге тест тапсырмасын орындауға 1 сағаттан артық уақыт берілмеді. Төрешілер алқасы тексеруге және бағалауға жауаптары бар тапсырмаларды жинап, жарыстың бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша екінші кезеңіне кім өткенін жариялады. Олар: инженер ақаукөргіш Кешубаев Тимур, жетекші инженер Сейлғазынов Бауыржан, көркемдеуші техник Тезекбаев Алибек, автоматиканы жөндеу және қызмет көрсету жөніңдегі электрслесарі Каплунов Максим, Петров Олег, Пономарев Артем, Салахиев Рафхат, Исаков Александр, релелік қорғау мен автоматиканы жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электромантер Осадчий Михаил, химиялық талдау зертханашысы Кузнецова Валентина, сатып алу және логистика маманы Пермякова Марина, өнеркәсіптік санитарлы зертхана инженері Шафигуллина Гульзана.
Кәсіпорнымыздың басшысы Сабырғали Идрисов жастардан үлкен үміт күтеді. Ол «Ең үздік жас маман» атағына үміткерлерге келесі сөздерін айтты: - «Біз ХХІ ғасырды жаһандық сын-қатерлер дәуірі ғана емес, сонымен бірге жас, жігерлі және талантты кезең деп атаймыз. Осыған байланысты өмірде бастысы білім, жоғары кәсіби біліктілік және өз Отаныңа деген адалдық екенін ұмытпауға шақырамын. Мен сіздермен мақтанамын және сенемін. Екінші айналымда барлығыңызға сәттілік тілеймін!».