Өткен демалыс күндері, 2021 жылдың 20 қарашасында Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика кешенінде Шығыс Қазақстан облысының энергетиктер Спартакиадасы аясында әйелдер арасындағы үш сайыстан жарыс өтті.
Үшсайыс бағдарламасында: кросс 400 метр, пресс - 1 минут ішінде ең көп рет және арқан тарту-1 минут ішінде ең көп секіру саны.
Орындар келесідей бөлінді:
- 1 орын – «Өскемен ЖЭО» ЖШС;
- 2 орын – «Өскемен ГЭС» ЖШС;
- 3 орын – «Өскемен жылу жүйелері» АҚ.
Өскемен ЖЭО командасының атынан: санитарлық-өндірістік зертхана меңгерушісі Гүлзана Шафигуллина, іс жүргізуші-аудармашы Рената Чалдыбаева және бас директордың көмекшісі Назгүл Анапиева қатысты. Командалық жеңістен бөлек, Гүлзана Шафигуллина жекелей сында жеңімпаз атанды. Байқауға қатысушыларды құттықтаймыз! Сіздерге келешекте де спорттық және кәсіби жеңістер тілейміз!