Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
images/news/2020/18.09.20/gotovnost.jpg

Өскемен ЖЭО 2020-2021 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындық паспортын алды

| Жаңалықтар

2020 жылдың 9 қыркүйегінде Өскемен ЖЭО энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың 2020-2021 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындық Паспортын алды.

Бұл Паспорт алдағы жылу беру маусымына тиімді дайындықтың нәтижесі болды. Кәсіпорын бірқатар ірі жобаларды жүзеге асырды: жылу алмасу дәрежесін арттыру үшін бірінші сатыдағы тегіс құбырлы су экономайзерін мембраналыққа ауыстырумен №13 қазандық агрегатын күрделі жөндеуден өткізу; №12 қазандық агрегаты эмульгаторларының құйындағыштарын ауыстыру.

2016 жылы пайдалануға берілгеннен кейін бірінші рет №12 турбиналық агрегатта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ №15 қазандық агрегаты мен №8 турбиналық агрегатында кеңейтілген ағымдағы жөндеулер, № 9 қазандық агрегатында Т-1-40MVa трансформаторында, №№16,17,18 бәсеңдету-салқындату қондырғысының (БСҚ) бу құбырларында күрделі жөндеулер, қосалқы жабдықтағы жөндеулер өткізілді, Komatsu бульдозері сатып алынды.

№14 қазандық агрегатында оның сенімділігі мен тиімділігін арттыру үшін оттықтары ауыстырылды, сондай-ақ 140 ата бу құбырын ауыстыру бойынша жоба әзірленді. Станцияның қоймаларында жинақталған отын көлемі нормативті қорларға сәйкес.

Өскемен ЖЭО-ның дайындық Паспортын алуы станцияның 2020-2021 жылдардағы жылу беру маусымына уақтылы және сапалы дайындығын дәлелдейді.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 1947-2024 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz