Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
images/news/2021/19.05.21/19.05.21.jpg

Зейнеткерлік демалысқа шығарып салдық

| Жаңалықтар

2021 жылы 18 мамырда Өскемен ЖЭО турбина жабдықтарының инженері Сабырғазы Денисұлы Садыковты зейнетке шығарып салды.

Сабырғазы Садықов кәсіпорында 42 жылға жуық жұмыс істеді.

- Мен Өскемен қаласында дүниеге келдім. Тағдырдың жазуы сол шығар - қазіргі политехникалық колледждің қасында. Өндірістік техникумды бітіріп, Атырау қаласындағы Гурьев ЖЭО-ға жолдамамен кеттім. Кейін әскер қатарына шақырылдым. Содан кейін - Өскемен ЖЭО-дағы көп жылғы жемісті жұмыс! Қазір болғандай-ақ есімде, 1979 жылы 17 тамызда мен ЖЭО-ға турбина қондырғысы бойынша машинист қараушы болып келдім. Цех инженері ретінде менің міндетіме: бу турбинасы жабдықтарын пайдалану және турбина цехының қызметкерлерімен жұмыс істеу кіретін. Жұмыс барысында мен екі рет өндірістің «Ерен еңбек екпіндісі» ретінде танылдым, бүгінгі таңда «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының құрметті энергетигімін».

Үйленгенмін, екі ересек ұлым бар: үлкені - ШҚО баскетболдан ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы, кішісі - техник-әкімші. Менің бір қыз немерем және екі ұл немерем бар. Сондықтан мен зейнеткерлікте жалықпаймын.
«Өскемен ЖЭО» ЖШС бас директоры Сабырғазы Денисұлына кәсіпорынның сәтті жұмысына қосқан зор үлесі үшін алғысын білдіріп, зор денсаулық және отбасымен бірге өмірінің жаңа, бірдей маңызды және қызықты кезеңінде одан әрі жетістіктерге жетуіне тілектестік білдірді.

Өскемен ЖЭО-ның техникалық менеджерлері де өз әріптестерінің жоғары кәсібилігін атап өтті, бірлескен жұмыс үшін, болашақ энергетиктер үшін құнды тәжірибе мен білімді беру үшін ризашылықтарын білдірді. «Өскемен ЖЭО» ЖШС Бас директоры Сабырғазы Денисұлына кәсіпорынның табысты жұмысына қосқан зор үлесі үшін алғысын білдіріп, зор денсаулық және отбасымен бірге өмірінің жаңа, маңызды және қызықты кезеңінде одан әрі жетістіктерге жетуіне тілектестігін білдірді.

Өскемен ЖЭО-ның техникалық жетекшілері де өз әріптестерінің жоғары кәсібилігін атап өтті, бірлесіп істеген жұмыстары үшін, болашақ энергетиктерге берген құнды тәжірибесі мен білімі үшін ризашылықтарын білдірді.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 1947-2024 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz