Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
images/news/2023/18.07.23/18.07.23.jpg

Зейнеткерлік демалысқа шығарып салдық

| Жаңалықтар

Зейнеткерлік құрметті демалысқа шығу – әрбір адамның өміріндегі ерекше оқиға, өмір жолының маңызды кезеңі өтіп, отбасына, жақындарына, достарына арнап, өзінің көп жылдық қызметінің жемісін теретін сәт.

2023 жылғы 14-ші шілдеде Өскемен ЖЭО-да турбиналық цехтың жаға сорғысының жабдығын қызмет көрсетуден және жөндеуден өткізу бойынша слесарі Тауханбаев Нурлан Молдашевичті зейнеткерлік демалысқа шығарып салды. Нурлан Молдашевич 1959 жылы Риддер қаласында туылған. Тау - кен металлургия техникумын «электромеханик» мамандығы бойынша бітіріп, кейін Қазақ политехникалық институтында «инженер – механик» мамандығы бойынша оқуын жалғастырды. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін еңбек жолын Лениногор полиметалл комбинатында жұмыс істеуден бастады (2002 жылы Лениногор қаласы Риддер болып өзгертілді).
Еңбек жолын Өскемен ЖЭО-да 2011 жылғы 15-ші желтоқсанда №2 жағалаулық сорғы станциясы слесарі болып бастады. Нурлан Молдашевич Өскемен ЖЭО-дағы жұмысқа 12 жыл арнады.

- Зейнеткерлік демалысқа шыққанда немерелерімді бағуды жоспарлап отырмын. Әйеліммен бірге отбасы мен денсаулыққа көбірек уақытымызды бөлгіміз келеді. Үлкен ұлым мен қызым кәсіпкер, ортаншы ұлым менің жолымды қуып, Риддер қаласындағы өндірістік кәсіпорында жұмыс істейді. Жас энергетиктерге өз ісіне адалдықпен қарауға, бір-бірін сыйлауға, үлкен тәжірибелі әріптестерден үлгі алуға және өзін-өзі тәрбиелеумен үздіксіз айналысуға кеңес бергім келеді. Мен Өскемен ЖЭО басшылығына өз қызметкерлеріне тамаша және қамқорлық көзқарасы үшін алғыс айтқым келеді. Барлық нұсқаулар мүлтіксіз орындалуда, қажеттінің барлығымен жақсы қамтамасыз етілуде, тұрақты еңбекақы, ұжымдағы мейірімді атмосфера, қолайлы еңбек жағдайлары – осының барлығы кәсіпорындағы ұйымшылдықтың жоғары екендігін көрсетеді, – дейді Нурлан Молдашевич.

Нурлан Молдашевич ұзақ жылдар бойы жүктелген міндеттерді ойдағыдай атқарып, кәсіби біліктілік пен жеделдік танытып, өзінің тікелей қызметіне адалдықпен қарап келеді. Шығыс Қазақстан облысының энергетиктері арасындағы жыл сайынғы жарыстарының қорытындысы бойынша бірнеше рет «Жылдың үздік спортшысы» жүлдесін алған, Өскемен қаласы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталған, тәжірибелі шахматшы.

Нурлан Тауханбаев өзінің жеке үлгісімен еңбек ұжымының сеніміне, құрметіне және беделіне ие болды. Әріптестер оны тапсырманы уақытында орындап, түрлі жағдайларда өз бетінше шешім қабылдай алатын іскер, жауапты және сенімді тұлға ретінде біледі.

Өскемен ЖЭО басшылығы мен ұжымы тәжірибелі энергетиктің атына жылы лебіздерін білдірді. «Өскемен ЖЭО» ЖШС Бас директоры Айдын Бексолтан турбина цехының табысты жұмыс істеуіне қосқан елеулі үлесі үшін Нурлан Молдашевичке алғыс айтып, оған зор денсаулық және өмірінің жаңа, маңызды және қызықты кезеңдерінде отбасымен бірге үлкен жетістіктерге жетуін тіледі.Нурлан Молдашевичке ұзақ жылдар бойы көңіл-күй мен мықты денсаулық тілейміз!



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 1947-2024 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz