ЖЭО мұржасы неге «түтіндейді»?
Біз «ЖЭО жұмысы туралы» айдарын жалғастырамыз, және де бүгін «ЖЭО мұржасы неге түтіндейді?» деген мәселені талдаймыз.
- «Жұмыс істеп тұрғандықтан» - деп жауап берер едік. Энергия өндіретін ірі кәсіпорынның жұмысын жақсы түсіну үшін айта кетейік: егер ЖЭО-ның мұржасынан түтін көрсеңіз, онда жарық пен жылу болады деген сөз.
Құбырлар бу қазандықтарында отынды жағу кезінде пайда болатын түтін газдарын атмосфераға шығару үшін қолданылады. Ал түтін газдарының әсерін азайту үшін Өскемен ЖЭО құбыры 180 м биіктікте салынған, бұл шығатын газдарды жер бетінен және адамдардан алысырақ шашыратуға мүмкіндік береді. Түтін газдарын тазарту үшін ЖЭО-ның әрбір қазандық қондырғысы заманауи күл жинайтын қондырғылармен - эмульгаторлармен жабдықталған, олардың тазарту тиімділігі 99% -дан асады. Тазарту суды пайдалану арқылы жүзеге асырылады, сондықтан ЖЭО құбырынан су буы шығады, ол жазда да, қыста да көрінеді. Суық мезгілде конденсация қарқынды болғандықтан ол әлдеқайда жақсы көрінеді - ұсақ су тамшыларына айналып, тұман пайда болады. Дәл осындай әсерді салқын күнде сыртқа кесемен ыстық шайды алып шықсаңыз да байқауға болады. Алдыңғы мақаламызда әңгімелеген салқындатқыш мұнараның үстінен де көлемді мөлшерде түзілетін осындай бу әсерін көреміз.
Қазіргі кезде ЖЭО қалыпты режімде тұрақты жұмыс істей отырып, 2020-2021 жылдардағы жылыту маусымына қызу дайындық үстінде. Кәсіпорын жылу беру кезеңінде жылу жүктемесін арттыру үшін қазандық қондырғыларын кезең-кезеңімен жағуды жоспарлап отыр. Қазандық қондырғыларын жағу кезінде, көмірді жеткізбес бұрын, қазандық мазутпен қыздырылады, сондықтан қыздыру кезінде қысқа уақыт аралығында түтін газдарының түсіне сай қою түсті газдар шығарылады.
Өскемен ЖЭО шаңды және газды тазартатын қондырғылармен жабдықталған және өндірістің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ең озық технологияларды қолданады, сонымен қатар аккредиттелген санитарлық-өндірістік зертханасында қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға өндірістік экологиялық бақылау жүргізіледі.
Кәсіпорынның 500-ден астам қызметкері де, қаламыздың тұрғындары сияқты, ЖЭО тұтынушыларын жылу және электр қуатымен қамтамасыз ету үшін жылу беру маусымының басталуын күтуде.