ЖЭО жұмысы туралы
Үйлеріміздегі батареялардағы ыстық су мен жылу қайдан келеді? Электр құрылғыларын қолдануға мүмкіндік беретін жарық қайдан келеді? Егер жылу мен электр қуаты болмаса, біздің қалай өмір сүретінімізді елестету қиын, әсіресе қатал қыста.
Өркениеттің осы игіліктерінің барлығын біз, ішіне «Өскемен ЖЭО» ЖШС да кіретін, энергия өндіруші кәсіпорындардың арқасында қолданып отырмыз. Біз «ЖЭО жұмысы туралы» айдарын жалғастыра отырып, бүгін ең басты тақырыптан бастаймыз - ЖЭО дегеніміз не?
Жылу-электр орталығы (ЖЭО) - электр энергиясын (жарық) және бу мен ыстық су түрінде тұтынушыларға берілетін жылу энергиясын өндіретін жылу электр орталығы. ЖЭО-ның негізгі қолданатын отыны – көмір, резервтік (тамызық) отын - мазут. ЖЭО-ның негізгі жабдықтары - бу энергиясын өндіретін қазандық агрегаттары мен бу энергиясын электр энергиясына айналдыратын турбиналық қондырғылар. Турбиналық агрегат бу турбинасы мен генератордан тұрады. ЖЭО-да қолданылатын бу турбиналарын жылуландыру бу турбиналары деп атайды. Бұл турбиналар будың бір бөлігін желілік суды жылыту үшін береді, ол сосын тұтынушылармен қолданылады.
Өскемен ЖЭО - жылу мен электр энергиясын аралас өндіретін кәсіпорын болып табылады. Бұл энергияны өндірудің ең тиімді әдісі. Өскемен ЖЭО жылу энергиясын өндіреді, содан кейін ыстық су мен жылу «Өскемен Жылу жүйелері» АҚ құбырлары арқылы үйлерге беріледі, ары қарай әр үйдің желілері бойынша әр тұтынушыға жылуды ПИК (пәтер иелерінің кооперативі) жеткізеді. Электр энергиясын жеткізу тәртібі де сондай: Өскемен ЖЭО электр энергиясын өндіреді, содан кейін электр энергиясы электр беруші мен электрмен жабдықтаушы ұйымдары арқылы тұтынушыларға жеткізіледі.
«Өскемен ЖЭО» ЖШС ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды және қаланың тұрғын-коммуналдық секторының 80%-дан астам жүктемесін жылу энергиясымен қамтамасыз етеді. Кәсіпорын электр энергиясының ең ірі өндірушілерінің бірі және Шығыс Қазақстан облысындағы ең ірі ЖЭО болып табылады.
2020 жылдың 9 қыркүйегінде Өскемен ЖЭО энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың 2020-2021 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындық Паспортын алды, бұл станцияның жылыту маусымына уақтылы және сапалы дайындалғандығын көрсетеді.