Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
images/news/2020/23.12.20/den_energetika_2020.jpg

Жыл марапаттары

| Жаңалықтар

2020 жылдың 22 желтоқсанында «Өскемен ЖЭО» ЖШС-нде жыл қорытындысы бойынша кәсіпорын қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Барлық цехтар мен бөлімдер ZOOM арқылы онлайн режимінде қосылды. Экраннан ГОЭЛРО жоспарының 100 жылдығына арналған фильмді көру мүмкіндігі қамтылды. Мерекелік іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан басталды. «Өскемен ЖЭО» ЖШС бас директоры Сабырғали Идрисов ұжымды Энергетиктер күнімен, келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады, станция жұмысының қорытындылары туралы айтты, кәсіпорынның негізгі жетістіктерін жариялады, атқарған жұмыстары үшін әріптестеріне алғысын білдірді.

2020 жылы Өскемен ЖЭО электрмен жабдықтауды 23 млн кВт/сағ арттырды; жылу энергиясы - 77,4 мың Гкалға.

Жақын арада «Өскемен ЖЭО» ЖШС-нің қуатын арттырумен №10 турбоагрегатты ауыстыру және №16 қазандық агрегатын салумен станцияны кеңейту» жобасы бойынша инвестициялық келісімге қол қою жоспарланып отыр.
Жөндеу науқаны сапалы және уақтылы өткізілді, бұл Өскемен ЖЭО-ға алғашқылардың бірі болып 2020-2021 күз-қыс кезеңіне Дайындық паспортын алуға мүмкіндік берді.

Осы жылы ерекше еңбектері үшін кәсіпорынның 36 қызметкері марапатталды. Оның ішінде біздің алты әріптесіміз ГОЭЛРО жоспарының 100 жылдығына арналған мерейтойлық медальмен марапатталды.

  • Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының «Еңбек сіңірген энергетигі» атағы эксплуатация жөніндегі директор - бас инженер Нұрлан Ғабдулұлы Ахметжановқа берілді.
  • Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Құрмет грамотасы отын-көлік цехы бастығының орынбасары Дмитрий Дмитриевич Дергачевке табысталды.
  • Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының (ҚЭА) «Еңбек сіңірген энергетигі» атағы электр жабдықтарын жөндеу және ТАИ цехының шебері Изюмский Владимир Михайловичке берілді.
  • ҚЭА қауымдастығынның «Құрметті энергетик» атағы екі қызметкеріне берілді.
  • ҚЭА Құрмет грамотасы кәсіпорынның бес қызметкеріне берілді.

Орталықтандырылған жөндеу цехының аға шебері Сергей Викторович Лемешкоға «Өскемен ЖЭО» ЖШС бас директорының Алғыс хаты және Энергетиктер кәсіподағының 100 жылдығына орай мерейтойлық белгі табысталды.

10 қызметкер «Қазақстандық коммуналдық жүйелер» ЖШС басқарушы компаниясының грамоталарымен марапатталды. Тағы 9 қызметкер «Өскемен ЖЭО» ЖШС бас директорының грамоталарымен марапатталды. «Кайдзен» жобалары бойынша 24 команданың үшеуі жүлдегер атанды, олардың жобалары айтарлықтай техникалық және экономикалық тиімділік әкелді.

Өскемен ЖЭО ұжымы облыс орталығындағы мыңдаған үйді жылумен және жарықпен қамтамасыз етіп, үздіксіз энергия өндіруді жалғастыруда. Энергетиктерді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз, зор денсаулық, отбасылық амандық, сарқылмас қуат, әрі қарайғы кәсіби жеңістер тілейміз!



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 1947-2024 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz